Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 3-бабының 7- тармағына және 6-бабының 2-тармағына сәйкес, Жаңақала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңақала ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы "Жаңақала ауданы бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін бекіту туралы" № 8 қаулысының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 ақпанда № 26745 болып тіркелген) қосымшасына қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Кажиевке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Жаңақала ауданының әкімі |
А. Көшкінбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Батыс Қазақстан облысының
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары басқармасы" ММ
| Жаңақала ауданы әкімдігінің 20__ жылғы __ ___________ №___ қаулысына қосымша |
Жаңақала ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстері
№ | Автомобиль жолдарының индексі | Автомобиль жолдарының атаулары |
1 | KL-ZN-1 | Қызылоба ауылына кіре беріс, 0-1 километр |
2 | KL-ZN-2 | Пятимар ауылына кіре беріс, 0-10 километр |
3 | KL-ZN-3 | Бірлік ауылына кіре беріс, 0-14 километр |
4 | KL-ZN-4 | Қырқопа ауылына кіре беріс, 0-5 километр |
5 | KL-ZN-5 | Жаңақала ауылына кіре беріс, 0-2 километр |
6 | KL-ZN-6 | Көпжасар ауылына кіре беріс, 0-14 километр |
7 | KL-ZN-7 | Мәстексай ауылына кіре беріс, 0-0,7 километр |
8 | KL-ZN-8 | Жаңақазан ауылына кіре беріс, 0-3 километр |
9 | KL-ZN-9 | Айтпай ауылына кіре беріс, 0-1 километр |
10 | KL-ZN-10 | Жангелді ауылына кіре беріс, 0-0,1 километр |
11 | KL-ZN-11 | Ақбалшық ауылына кіре беріс, 0-5 километр |
12 | KL-ZN-12 | Мұқыр ауылына кіре беріс, 0-12 километр |
13 | KL-ZN-13 | Жуалыой ауылына кіре беріс, 0-7,6 километр |
14 | KL-ZN-14 | Кіші Айдархан ауылына кіре беріс, 0-13,3 километр |
15 | KL-ZN-15 | Сарыкөл ауылына кіре беріс, 0-11,3 километр |
16 | KL-ZN-16 | Бірлік-Үшкемпір ауылына кіре беріс, 0-21 километр |
17 | KL-ZN-17 | Көпжасар-Салтанат ауылына кіре беріс, 0-21 километр |
18 | KL-ZN-18 | Жаңажол ауылына кіре беріс, 0-1 километр |
19 | KL-ZN-19 | Борық ауылына кіре беріс, 0-17 километр |
20 | KL-ZN-20 | Плантация ауылына кіре беріс, 0-5,6 километр |
