Бөрлі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 15 мамырдағы № 175 және Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 15 мамырдағы № 27-18 "Бөрлі ауданы жолаушыларының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7519-07 тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) мектеп тарифі – 7 (жеті) жастан 18 (он сегіз) жасқа дейінгі балаларға;".
2. Осы бірлескен шешім мен қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
3. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Е. Ихсанов |
| Мәслихат төрағасы | К. Ермекбаев |
