Орал қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 3000 "2026 жылға Орал қаласы бойынша жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 869 қаулысы

      Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Орал қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 18 желтоқсандаға № 3000 "2026 жылға Орал қаласы бойынша жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы" қаулысымен бекітілген қосымшасына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      13-тармақта:

      мынадай мазмұндағы кестемен толықтырылсын:

13

Қызмет алушыларды бос уақытты өткізуге, мәдени іс-шараларға қатысуға тарту

Әлеуметтік жұмыс маманы

161,85

Мәдени ұйымдастырушы

609,8

      14-тармақта:

      мынадай мазмұндағы кестемен толықтырылсын:

14

Қызмет алушыларды мәдени іс-шараларға қатысу кезінде сүйемелдеу

Әлеуметтік жұмыс маманы

161,85

Мәдени ұйымдастырушы

1219,6

      40-тармақта:

      Емдік дене шынықтыру нұсқаушысы лауазымының бір қызметтің құны "614,36" деген сандар "686" деген сандармен ауыстырылсын.

      44-тармақта:

      Емдік дене шынықтыру нұсқаушысы лауазымының бір қызметтің құны "614,36" деген сандар "1009,85" деген сандармен ауыстырылсын.

      54-тармақта:

      Медбике лауазымының бір қызметтің құны "319,55" деген сандар "639,09" деген сандармен ауыстырылсын;

      Емдік дене шынықтыру нұсқаушысы лауазымының бір қызметтің құны "409,57" деген сандар "457,3" деген сандармен ауыстырылсын.

      74-тармақта:

      Гидрокинезотерапия нұсқаушысы лауазымының бір қызметтің құны "2490,3" деген сандар "830,24" деген сандармен ауыстырылсын.

      76-тармақта:

      Дәрігер-педиатр лауазымының бір қызметтің құны "124,37" деген сандар "166,14" деген сандармен ауыстырылсын.

      77-тармақта:

      Дәрігер-педиатр лауазымының бір қызметтің құны "124,37" деген сандар "310,95" деген сандармен ауыстырылсын.

      95-тармақта:

      Еңбек терапиясы нұсқаушысы (Еңбекке баулу мұғалімі) лауазымының бір қызметтің құны "146,75" деген сандар "880,5" деген сандармен ауыстырылсын;

      Еңбек терапиясы нұсқаушысы лауазымының бір қызметтің құны "146,75" деген сандар "880,5" деген сандармен ауыстырылсын.

      103-тармақта:

      Психолог лауазымының бір қызметтің құны "348,24" деген сандар "1044,6" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі М. Байменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады