Батыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2026 жылғы 28 қаңтардағы № 23-3 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 4-6) тармақшасына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Батыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Е. Салықов

  Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының 2026 жылғы
28 қаңтардағы № 23-3 шешіміне
қосымша

Батыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының мөлшерлемелері

№ р/н

Қалалар және елді мекендердің санаты

Жалға алу ақысының мөлшерлемелері 1 шаршы метрге айлық есептік көрсеткіштерінде (ай сайын)

Тарих және мәдениет ескерткіштерінің түрлері

Қала құрылысы және сәулет ескерткіштері

Археология ескерткіштері, ансамбльдер мен кешендер, киелі объектілер

Монументтік өнер құрылыстары

1.

Орал қаласы

0,8

0,6

1,0

2.

аудандық маңызы бар қала Ақсай

0,6

0,4

0,8

3.

кенттер*

0,4

0,4

0,6

4.

ауыл*

0,2

0,2

0,4

      Ескерту:

      Коммуналдық меншіктегі жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының мөлшерлемелері жалға алу ақысының мөлшерлемелерін жалға алынатын алаңның шаршы метрдегі көлеміне көбейту жолымен шығарылады.

      Жалға алу ақысының мөлшерлемелері "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қалалар мен елді мекендердің санаттарын ескере отырып анықталады.

      кенттер*, оларға халқының саны кемінде 3 мың адам болатын елді мекендер жатады.

      Халық саны кемінде 2 мың болатын, жыл сайын емделу және демалу үшін келетіндердің саны кемінде олардың жартысын құрайтын, емдік маңызы бар жерлерде орналасқан елді мекендер де кенттерге теңестіріледі. Оларға азаматтардың жазғы демалыс орындары болып табылатын, ересек халықтың кемінде 25 пайызы ауыл шаруашылығымен тұрақты түрде айналысатын саяжай кенттері де жатады;

      ауылдар* - халқының саны кемінде 50 адам болатын елді мекендер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады