"Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 28-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 367-НҚ бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34967 болып тіркелген) бекітілген журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеудің үлгілік қағидалары негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанындағы журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Төраға хатшылығы (Департамент) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Төраға | М. Омаров |
| БЕКІТІЛГЕН Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2026 жылғы "03" тамыз № 184/НҚ бұйрығымен |
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанындағы журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанындағы журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 28-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 367-НҚ бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34967 болып тіркелген) бекітілген журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеудің үлгілік қағидалары негізінде әзірленді және Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) жанындағы журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеудің оңайлатылған тәртібі – аккредиттеу картасын беру арқылы бұқаралық ақпарат құралдарын және олардың журналистерін (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеудің автоматтандырылған процесі;
2) бас редактор (редактор) – бұқаралық ақпарат құралының редакциясын басқаратын және бұқаралық ақпарат құралының өнімін шығаруға және таратуға тиісті өкілеттері бар жеке тұлға;
3) бірыңғай медиаплатформа – мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруға арналған ақпараттық жүйе;
4) бұқаралық ақпарат құралы – мерзімді баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, интернет-басылым;
5) бұқаралық ақпарат құралының редакциясы – бұқаралық ақпарат құралының материалдарын жинауды, әзірлеуді, шығаруды және таратуды жүзеге асыратын жеке тұлға не заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын шығармашылық ұжым;
6) журналисті (бұқаралық ақпарат құралының өкілін) аккредиттеу – журналисті тағайындау рәсімі және Агенттіктің оның өкілеттігін мойындауы;
7) журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі) – бұқаралық ақпарат құралының редакциясымен еңбек немесе өзге де шарттық қатынастар негізінде бұқаралық ақпарат құралы үшін хабарлар мен материалдарды жинау, өңдеу және әзірлеу қызметін жүзеге асыратын жеке тұлға;
8) іс-шара регламенті – Агенттік өткізетін іс-шараны жүргізу тәртібін айқындайтын құжат.
3. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу Агенттіктің қызметі туралы жұртшылықты кеңінен және жедел хабардар ету мақсатында жүзеге асырылады.
2-тарау. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу тәртібі
1-параграф. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) тұрақты аккредиттеу
4. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) тұрақты аккредиттеу Агенттіктің жанында оның орналасқан жеріне және аккредиттелетін журналистердің (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің) тұрақты тұратын жеріне қарамастан жүргізіледі.
5. Агенттік журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) тұрақты аккредиттеуді жүргізу тәртібін өз қызметінің ерекшелігін ескере отырып белгілейді.
6. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) тұрақты аккредиттеу бір жыл мерзімге жүзеге асырылады.
7. Агенттік жыл сайын бірінші тоқсанда өзінің интернет-ресурсында журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) тұрақты аккредиттеуді жүргізуге өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыруды қазақ және орыс тілдерінде орналастырады.
8. Агенттік жанында өз журналистерін (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеуге ниет білдірген бұқаралық ақпарат құралдары он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) тұрақты аккредиттеу туралы өтінішті аккредиттелетін журналистердің (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) және аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралының өкілінің) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді пайдалануға келісімін қоса бере отырып, бас редактордың және (немесе) бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің қолымен ұсынады.
9. Тұрақты аккредиттеу туралы өтінішті қарау мерзімі – осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні.
10. Агенттік өтінішті қарау қорытындылары бойынша өтініш берушілерді мынадай шешімдердің бірі туралы:
1) аккредиттеу туралы;
2) аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша және (немесе) электрондық түрде хабардар етеді.
11. Аккредиттелген журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі) мына:
1) Агенттіктен алынған ақпаратты оның атынан аккредиттеуге тиісті өтініш келіп түскен бұқаралық ақпарат құралдарында ғана жинау және тарату;
2) Агенттік өткізетін іс-шаралар регламентін сақтау;
3) аса маңызды мемлекеттік объектілер мен стратегиялық объектілердің өткізу және объектішілік режимін сақтау шарттарын сақтайды.
12. Агенттік өткізілетін іс-шараның регламентін бекітеді.
13. Тұрақты аккредиттеуден бас тартуға:
1) бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру не тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
2) осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбау;
3) есепке қойылған бұқаралық ақпарат құралдарының тізілімінде болмауы негіз болып табылады.
Тұрақты аккредиттеуден заңсыз бас тартуға журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкілі) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануы мүмкін.
14. Журналисті (бұқаралық ақпарат құралының өкілін) тұрақты аккредиттеуден айыру үшін:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша себептерін көрсете отырып бұқаралық ақпарат құралының бас редакторының және (немесе) бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің журналисті (бұқаралық ақпарат құралының өкілін) аккредиттеуден айыру туралы өтініші;
2) журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкілі) таратқан Агенттіктің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді шындыққа сәйкес келмейді деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
3) бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру не тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
4) осы Қағидалардың 11-тармағында белгіленген шарттарды екі және одан да көп рет бұзу негіз болып табылады.
15. Агенттік негіз анықтаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген себептерді көрсете отырып, журналисті (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілін) аккредиттеуден айырғаны туралы бұқаралық ақпарат құралын хабардар етеді.
16. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) тұрақты аккредиттеуден айыру алты ай мерзімге жүзеге асырылады.
17. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеудің оңайлатылған тәртібі жағдайында бірыңғай медиаплатформа арқылы "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 1-тармағына сәйкес масс-медиа саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен аккредиттеу карталары беріледі.
2-параграф. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) уақытша аккредиттеу
18. Уақытша аккредиттеу журналистерге Агенттіктің нақты іс-шараны жариялау үшін қажетті мерзімге беріледі және тиісті іс-шара өткізілгенге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
19. Уақытша аккредиттеу алу үшін бұқаралық ақпарат құралдары осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) уақытша аккредиттеу туралы өтінішті аккредиттелетін журналистердің (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) және аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралының өкілінің) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді пайдалануға келісімін қоса бере отырып, бұқаралық ақпарат құралының бас редакторының және (немесе) меншік иесінің қолымен ұсынады.
20. Агенттік уақытша аккредиттеу туралы өтінішті қарау қорытындысы бойынша өтініш берушілерді мынадай шешімдердің бірі туралы:
1) аккредиттеу туралы;
2) аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша және (немесе) электрондық түрде хабардар етеді.
21. Уақытша аккредиттелген журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі) мына:
1) Агенттіктен алынған ақпаратты оның атынан аккредиттеуге тиісті өтініш келіп түскен бұқаралық ақпарат құралдарында ғана жинау және тарату;
2) Агенттік өткізетін іс-шаралар регламентін сақтау;
3) аса маңызды мемлекеттік объектілер мен стратегиялық объектілердің өткізу және объектішілік режимін сақтау талаптарын сақтайды.
22. Уақытша аккредиттеуден бас тартуға:
1) бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру не тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
2) осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбау;
3) есепке қойылған бұқаралық ақпарат құралдарының тізілімінде болмауы негіз болып табылады.
Уақытша аккредиттеуден заңсыз бас тартуға журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкілі) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануы мүмкін.
| Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанындағы журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
| ____________________________ кімге (аккредиттеуші ұйымның атауы) ____________________________ кімнен (бұқаралық ақпарат құралдарының атауы) |
Журналисті (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілін) тұрақты аккредиттеу туралы өтініш
Сізден журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі)
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), телефон, факс нөмірі, электрондық мекенжайы)
аккредиттеуді сұраймын.
бұқаралық ақпарат құралы туралы мәліметтер:
1) бұқаралық ақпарат құралының атауы: __________________________;
2) бұқаралық ақпарат құралының заңды мекенжайы (жеке тұлғалар үшін) және
орналасқан жері (заңды тұлғалар үшін): __________________________;
3) бұқаралық ақпарат құралының телефондарының, факстарының нөмірлері,
электрондық мекенжайы: __________________________
Қоса беріліп отырған құжаттар:
1) аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілінің) жеке
басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілінің) "Дербес
деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
дербес деректерді пайдалануға келісімі.
Өтініште көрсетілген журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі)
____________________________________ қызметкері екенін растаймын.
(бұқаралық ақпарат құралының атауы)
_____________________________
(бас редактордың және (немесе) бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің қолы)
20___ жылғы "___" _____________
| Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанындағы журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
| ____________________________ кімге (аккредиттеуші ұйымның атауы) ____________________________ кімнен (бұқаралық ақпарат құралдарының атауы) |
Журналисті (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілін) тұрақты аккредиттеуден айыру туралы өтініш
Сізден журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі)
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
аккредиттеуден айыруыңызды сұраймын.
бұқаралық ақпарат құралы туралы мәліметтер:
1) бұқаралық ақпарат құралының атауы: __________________________;
2) бұқаралық ақпарат құралының заңды мекенжайы (жеке тұлғалар үшін) және
орналасқан жері (заңды тұлғалар үшін): __________________________;
3) бұқаралық ақпарат құралының телефондарының, факстарының нөмірлері,
электрондық мекенжайы: __________________________
Аккредиттеуден айыру себептері:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
______________________________
(бас редактордың және (немесе) бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің қолы)
20___ жылғы "___" _____________
| Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанындағы журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
| ____________________________ | |
| кімге (аккредиттеуші | |
| ұйымның атауы) | |
| ____________________________ | |
| кімнен (бұқаралық ақпарат | |
| құралдарының атауы) |
Журналисті (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілін) уақытша аккредиттеу туралы өтініш
Сізден журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі)
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), телефон, факс нөмірі, электрондық мекенжайы)
______________________________ іс-шарасын жариялау үшін қажетті мерзімге
(іс-шараның атауы және өткізілу күні (кезеңі))уақытша аккредиттеуді сұраймын.
бұқаралық ақпарат құралы туралы мәліметтер:
1) бұқаралық ақпарат құралының атауы: __________________________;
2) бұқаралық ақпарат құралының заңды мекенжайы (жеке тұлғалар үшін) және
орналасқан жері (заңды тұлғалар үшін): __________________________;
3) бұқаралық ақпарат құралының телефондарының, факстарының нөмірлері,
электрондық мекенжайы: __________________________
Қоса беріліп отырған құжаттар:
1) аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілінің) жеке
басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілінің) "Дербес
деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
дербес деректерді пайдалануға келісімі.
Өтініште көрсетілген журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі)
_____________________________ қызметкері екенін растаймын.
(бұқаралық ақпарат құралының атауы)
_____________________________
(бас редактордың және (немесе) бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің қолы)
20___ жылғы "___" _____________
