Ұлан ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 2026 жылғы 27 ақпандағы № 284 шешімі

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-9 тармағына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 "Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36186 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ұлан ауданының мәслихаты ШЕШІМҚАБЫЛДАДЫ:

      1.  Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып тұрғынжайды меншігіне сатып алу немесе тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын алу құқығын іске асыру үшін Ұлан ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың)теңгеде айқындалсын.

      2. Ұлан ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі айқындалсын:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

      басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

      бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;

      мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;

      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;

      жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;

      кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;

      қандастар;

      экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;

      "Алтын алқа", "Күмісалқа" алқаларыменнаградталғаннемесебұрын "Батыр ана" атағыналған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

      Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қазатапқан (қайтысболған) адамдардың отбасылары;

      Толық емес отбасылар;

      Асырауында кәмелетке толмағанбалалары және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқуорнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқунысаны бойынша білім алатын, бірақ жиырма үш жасқа толмаған балалары бар жесірәйелдер (тұл ер адамдар) жатады.

      3. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ұлан аудандық мәслихатымен қабылданған шешімдерінің күштері жойылсын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат төрағасы Г. Калиева

  Ұлан аудандық мәслихаттың
2026 жылғы 27 ақпандағы
№ 284 шешіміне
қосымша

Күштері жойылатын Ұлан аудандық мәслихатымен Қабылданған шешімдердің тізімі:

      1. Ұланаудандықмәслихатының2020 жылғы 22 сәуірдегі № 365 "Ұлан ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7037 нөмірімен тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 06.05.2020 жылы жарияланды) шешімі;

      2. Ұлан аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 маусымдағы № 163 "Ұлан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 365 "Ұлан ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуТізілімінде 28722 нөмірімен тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 07.07.2022жылы жарияланды) шешімі;

      3. Ұлан аудандық мәслихатының 2022 жылғы 12 қазандағы № 187 "Ұлан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 365 "Ұлан ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуТізілімінде30218 нөмірімен тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде28.10.2022жылы жарияланды) шешімі;

      4. Ұлан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 76 "Ұлан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 365 "Ұлан ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8898-16 нөмірімен тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде11.10.2023жылы жарияланды) шешімі;

      5. Ұлан аудандық мәслихатының2025 жылғы 18 наурыздағы № 216 "Ұлан аудандық мәслихатының "Ұлан ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 365 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуТізілімінде 9155-16 нөмірімен тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 20.03.2025жылы жарияланды) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады