Шығыс Қазақстан облысы бойынша ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 28/232-VIII шешімі

      Ескерту. Осы шешімнің қосымшасының 1 және 2-тармақтары оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 30 маусымға дейін қолданылады, осы шешімнің қосымшасының 3 және 4-тармақтары 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 26-бабының 2-тармағына, "Ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 306 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36700 болып тіркелген) сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасының 1 және 2-тармақтары оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 30 маусымға дейін қолданылады, осы шешімнің қосымшасының 3 және 4-тармақтары 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Д. Рыпаков

  Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихатының
2026 жылғы 29 сәуірдегі
№ 28/232-VІІІ шешіміне
қосымша

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері

Қызметтерді тұтынушылардың атауы

Төлемақы мөлшері, теңге/м3

2026 жылғы 30 маусымға дейін

1

Ауызсуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін

45

2

Ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін

60

2026 жылғы 1 шілдеден бастап

3

Ауызсуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін

110

4

Ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін

125


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады