"Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі мен құрылымын бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 9 шілдедегі № 177 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 3-тармағына, "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 480 қаулысына, "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығының 3-тарауына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35238 болып тіркелген), "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңының 17-бабына және "Жергілікті атқарушы органдардың құрылымы мен штат саны лимиттерінің кейбір мәселелері туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 28 мамырдағы № 139 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы бекітілсін.

      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      3. Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н. Сақтағанов

 

      "Келісілді"

      Шығыс Қазақстан облысы
экономика және бюджеттік жоспарлау
басқармасының басшысы
___________________Н. Маратов
2026 жылғы "___" ______________

 

      "Келісілді"

      Шығыс Қазақстан облысы
қаржы басқармасының басшысы
___________________С. Большакова
2026 жылғы "___" ______________

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2026 жылғы "9" шілдедегі
№ 177 қаулысына
1-қосымша

"Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы

      Басқарма басшысы

      Басшының орынбасары

      Басшының орынбасары

      Бас маман-бас бухгалтер

      Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу және мониторинг бөлімі

      Тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу және

      шағымдарды қарау бөлімі

      Коммуналдық мүлік бөлімі

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2026 жылғы "9" шілдедегі
№ 177 қаулысына
2-қосымша

"Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1.Жалпы ережелер

      1. "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi - Басқарма) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы функцияларын жергілікті атқарушы органның құзыреті шегінде орындайтын және облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі өзінің атауымен мөрлері және мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланктері, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қазынашылық органында есеп шоттары болады.

      4. Басқарма өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      5. Басқарманың, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті болса мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимитін қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бекітеді.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070004, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Шығыс Қазақстан облысы бюджетінен жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2.Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Басқарманың миссиясы: мемлекеттік сатып алу және коммуналдық мүлікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты сапалы іске асыруды қамтамасыз ету.

      14. Міндеттері:

      мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты сапалы іске асыру;

      облыстық коммуналдық мүлікті басқаруды жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1)цифрлық ортада мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін, сондай-ақ, облыс әкімі анықтайтын бюджеттік бағдарламалар не тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының функциясын жүзеге асырады;

      2)тапсырыс беруші ұсынған тапсырма негізінде конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасын әзірлейді және бекітеді;

      3)конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамын айқындайды және бекітеді;

      4)қажет болған жағдайда конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;

      5)мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастырады;

      6)тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық өзіндік ерекшелігін алған, мемлекеттік сатып алу веб-порталына автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан сұрау салулар мен ескертулерді жібереді;

      7)конкурстық құжаттаманың ережелеріне түсінік береді;

      8)облыстың мемлекеттік сатып алуларына мониторинг жүргізеді;

      9)Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілердің шағымдарын қарайды;

      10)Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілердің шағымдарын қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды;

      11)Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу қорытындысын қайта қарау, оның күшін жою немесе күшін жоюдан бас тарту туралы шешім қабылдайды;

      12)заңнамада көзделген жағдайларда сотқа әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылары деп тану туралы талап жолдайды;

      13)өз құзыреті шегінде облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

      14)аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмысын үйлестіреді;

      15)облыстық коммуналдық мүлікті өз құзыреті шегінде басқарады, оны қорғау жөнінде шаралар қолданады;

      16)облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғыларын (ережелерін), оларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

      17)облыстық коммуналдық мүлікті облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітеді;

      18)облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша облыстық коммуналдық мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамдардың акцияларын төлеуге беруді жүзеге асырады;

      19)облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша облыстық коммуналдық мүліктің құрамына акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін сатып алуды жүзеге асырады;

      20)облыстық коммуналдық мүлікті (облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендерін, акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін қоспағанда) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлік деңгейіне беру туралы шешім қабылдайды;

      21)облыстық коммуналдық мүлікті (облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендерін, акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін қоспағанда) пайдалану туралы, оның ішінде оны жалға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдайды;

      22)облыстық коммуналдық мүліктің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;

      23)облыстық коммуналдық мүлікті есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      24)ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, жекешелендіру объектілерін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектілерін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасауды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      25)ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, облыстық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

      26)сенімгерлік басқарушының облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      27)облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің құрылтайшысы болады;

      28)коммуналдық меншікке берілетін мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғалардың мүлкі (акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін қоспағанда) бойынша сыйға тарту шартын жасау туралы шешім қабылдайды;

      29)коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша жасалған концессия шарттарының тізілімін жүргізеді;

      30)жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің мүлкін есептен шығаруды жүзеге асырады;

      31)Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауды, оның ішінде ақпараттық жүйелер мен электрондық құжаттардағы ақпаратты қорғауды, электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалануды және олардың сақталуын қамтамасыз етуді қамти отырып, өз құзыреті шегінде Басқарма қызметіндегі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

      32)өз құзыреті шегінде инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін жағдайларды жетілдіруге ықпал етеді;

      33)Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      16. Құқықтары мен міндеттері:

      Басқарма:

      1)Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстарды облыс басшылығының қарауына енгізуге;

      2)өз өкілеттіктері шегінде Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер мен басқа да іс-шаралар өткізуге;

      3)Басқармаға жүктелген міндеттер мен қызметтерді орындау үшін заңды және жеке тұлғалардан қажетті ақпаратты сұрауға және алуға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      Басқарма:

      1)Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер беруге;

      2)заңды және жеке тұлғалар ресми сұраған жағдайда өз құзіреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсынуға;

      3)Басқарма қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етуге;

      4)Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

3.Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға, сондай-ақ құжаттардың сапалы орындалуына дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      18. Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының басшысын облыс әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.

      19. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.

      20. Басқарма басшысы:

      заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босатуға;

      заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарманың қызметкерлерін көтермелеуді жүзеге асыру және оларға тәртіптік жаза қолдануға;

      мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда Басқарма мүддесін білдіруге;

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қажетті шаралар қабылдауға өкілетті.

      Басқарманың басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      21. Басқарма басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ қаржыландыру жоспары бойынша облыстық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлік есебінен қалыптастырылады.

      23. Басқармаға бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады