1. Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданының аумағында орналасқан, ауданы 15 433,52 га "Толстуха" аңшылық шаруашылығы" аңшылық алқабы, "Поиск" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 10 жыл мерзімге бекітіліп берілсін.
2. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің табиғи ресурстар мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Н. Сақтағанов |
