Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 94 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Интергаз Орталық Азия" акционерлік қоғамына "Ғ.Мұратбаев" автоматты газ тарату стансасының газ құбыры тармағын және анодты жерге тұйықтау өткізгішін салуға қауымдық сервитут белгілеу үшін жердің жер пайдаланушыларынан алып қоймастан 0,5563 гектар жер учаскесіне 5 (бес) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      Жер учаскесі Ақтөбе ауылдық округі аумағында орналасқан.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Джилкибаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Келес ауданының әкімі Ж. Агибаев

  Келес ауданы әкімдігінің
2026 жылғы "28" сәуірдегі
№94 қаулысына қосымша

"Интергаз Орталық Азия"акционерлік қоғамына "Ғ.Мұратбаев" автоматты газ тарату стансасының газ құбыры тармағын және анодты жерге тұйықтау өткізгішін салуға қауымдық сервитут белгілеу көлемдері

Ауыл, ауылдық округтің атауы

Қауымдық сервитуттың әрекет ету көлемі (гектар)

Соның ішінде

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер

Оның ішінде

егістік

Оның ішінде:

Көп жылдық екпелер

жайылым

Суармалы егістік

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Ақтөбе а/о

0,5563

0,5563

-

-

-

0,5563


Барлығы

0,5563

0,5563

-

-

-

0,5563


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады