Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағы 10) тармақшасына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шардара аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Шардара ауданы, Қ.Тұрысбеков ауылдық округі аумағынан электр желісі құрылысы үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес, жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелеріне уақытша өтеусіз қысқа 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының қабылдануына байланысты, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізу Шардара аудандық жер қатынастары бөліміне (м.а. М.Исаев) жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Бердешов жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | А.Карсыбаев |
| Шардара ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 4 наурыздағы № 127 қаулысына қосымша |
Шардара ауданы, Қ.Тұрысбеков ауылдық округі аумағынан электр желісі құрылысы үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер көлемі
№ | Жер учаскесінің орналасқан жері | Қауымдық сервитуттың әрекет ету көлемі (гектар) | Соның ішінде | |||||||
Ауылшаруашылық мақсатындағыжерлер | оныңішінде | |||||||||
егістік | Оның ішінде | Көп жылдық екпелер | шабындық | жайылым | Өзге жерлер | Орман қоры жері | ||||
Суармалы егістік | ||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
1 | Қ.Тұрысбеков ауылдық округі | 1,03 | - | - | - | - | - | - | 1,03 | |
Барлығы | 1,03 | - | - |
| - | - | - | 1,03 | ||
