Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 71-1-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тарапынан берілген "Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған" 11 шілде 2025 жылғы №3444-EL лицензия негізінде Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Altyn Land" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін Сарыағаш ауданының Жібек жолы, Ақжар, Қабланбек және Дербісек ауылдық округтерінің аумағынан меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан осы қаулының қосымшасына сәйкес жалпы ауданы 2095,2311 гектар жер учаскесіне 11 шілде 2031 жылға дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.
2. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі (Б.Әуезов) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Талиповке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | А. Абдуллаев |
| Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2026 жылғы "30" қаңтардағы №20 қаулысына қосымша |
"Altyn Land" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жария сервитут белгіленетін жерлер
№ | Жер учаскесінің орналасқан жері | Қауымдық серви туттың әрекет ету көлемі (гектар) | Соның ішінде: | ||||||||
Ауыл шаруашық мақсатындағы жерлер | Оның ішінде: | ||||||||||
Егістік | Оның ішінде: | Көп жылдық екпелер | Жайылым | Өнеркәсіп | |||||||
суармалы егістік | |||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | |||
1 | Жібек жолы ауылдық округі | 1921,0151 | 1921,0151 | 54,8521 | - | - | 1866,163 | - | |||
2 | Қабланбек ауылдық округі | 1,1986 | 1,1986 | - | - | - | 1,1986 | - | |||
3 | Дербісек ауылдық округі | 7,0875 | 7,0875 | - | - | - | 7,0875 | - | |||
4. | Ақжар ауылдық округі | 165,9299 | 165,9299 | - | - | - | 165,9299 | - | |||
Барлығы: | 2095,2311 | 2095,2311 | 54,8521 | - | - | 2040,379 | - | ||||
Елдi мекендердiң жерi | Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер | Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер | Орман қорының жері | Су қорының жерi | Босалқы жер | ||||||
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | ||||||
- | - | - | - | - | - | ||||||
- | - | - | - | - | - | ||||||
- | - | - | - | - | - | ||||||
