Сотталғандарды қоғамдық жұмыстарға тарту туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2026 жылғы 11 наурыздағы № 171 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 57 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына сәйкес Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған адамдарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері ретінде қала аумағын көріктендіру мен тазалау белгіленсін.

      2. Түркістан қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған адамдардың жазаны өтеу орындары болып Түркістан қаласы әкімдігінің инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің "Жасыл Түркістан" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен "Түркістан жарық-тазалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі таңдалсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан қаласы әкiмдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне" жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ә.Пазылбекұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады