Арыс қаласы әкімінің 2021 жылғы 2 шілдедегі № 5 "Арыс қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Арыс қаласы әкімінің 2026 жылғы 13 қаңтардағы № 1 шешімі

      Арыс қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Арыс қаласы әкімінің "Арыс қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2021 жылғы 2 шілдедегі № 5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23333 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      Аталған шешімнің қосымшасымен құрылған Арыс қаласы аумағындағы сайлау учаскелерінің тізіміндегі:

      1) № 17 сайлау учаскесі келесі редакцияда жазылсын:

      Орталығы: Арыс қаласы, Арайлы көшесі, № 35А ғимарат, Түркістан облысының білім басқармасының Арыс қаласының білім бөлімінің "№ 2 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Арыс қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Арыс қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Арыс қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Е.Қуандық

      "КЕЛІСІЛДІ"
Арыс қалалық аумақтық
сайлау комиссиясымен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады