Түркістан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 58 "Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2026 жылғы 6 қаңтардағы № 1 қаулысы

      Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу туралы" Түркістан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 58 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның орыс және қазақ тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасынының Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Көшеров

  Түркістан облысы әкімдігінің
2026 жылғы "____" __________
№ ______ қаулысына қосымша
  Түркістан облысы әкімдігінің
2024 жылғы "18" наурыздағы
№ 58 қаулысына қосымша

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізілетін аймақ

Аудан, қала атауы

карантинді обьектілер атауы

зиянкестер

аурулар

арамшөптер

оңтүстік америкалық қызанақ күйесі, гектар

шығыс жеміс жемірі, гектар

қауын шыбыны, гектар

жеміс ағаштарының бактериялық күйігі, гектар

қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы, гектар

жатаған у кекіре, гектар

арамсояу, гектар

1

Арыс



365



110

90

2

Бәйдібек






101,4

4

3

Қазығұрт






147,7

69,92

4

Жетісай



341,1




8,8

5

Мақтаарал



1947,3


2


27,6

6

Ордабасы






493

35,3

7

Отырар



541



5

13,03

8

Сайрам






1

4,1

9

Сарыағаш

12,1





208,7

51,42

10

Сауран



155



80,9

8,5

11

Созақ






194,5


12

Келес

1,7





50,8

83,55

13

Төлеби


68


1


56,8

152,017

14

Түлкібас






50

4

15

Шардара



574



110

89

Жиыны:

13,8

68

3923,4

1

2

1609,8

641,237


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады