Кешенді спорттық іс-шараларға қатысатын спортшылар санының Қазақстан Республикасы спорттық делегациясының өзге де мүшелерінің сандық құрамына оңтайлы арақатынасын айқындау жөніндегі нормативтерді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 8 шiлдедегi № 117 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі туралы Ереженің 15-тармағы 110) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қосымшаға сәйкес кешенді спорттық іс-шараларға қатысатын спортшылар санының Қазақстан Республикасы спорттық делегациясының өзге де мүшелерінің сандық құрамына оңтайлы арақатынасын айқындау жөніндегі нормативі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберу;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Е. Мырзабосынов

  бұйрығына қосымша

Кешенді спорттық іс-шараларға қатысатын спортшылар санының Қазақстан Республикасы cпорттық делегациясының өзге де мүшелерінің сандық құрамына оңтайлы арақатынасын айқындау жөніндегі норматив

Спорттық делегацияның құрамына кіретін дене шынықтыру-спорттық ұйымдарының және өкілдер санаттарының тізбесі

Олимпиадалық ойындар (жазғы)

Олимпиадалық ойындар (қысқы)

Паралимпиадалық ойындар (жазғы)

Паралимпиадалық ойындар (қысқы)

Сурдлимпиадалық ойындар (жазғы)

Сурдлимпиадалық ойындар (қысқы)

"Жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесін және олардың сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 179 бұйрығында көзделген өзге де халықаралық кешенді спорттық-бұқаралық іс-шаралар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Спортшылардың жалпы санынан өкілдердің үлесі, %

1

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

3% дейін

10% дейін

6% дейін

12% дейін

3% дейін

4% дейін

5% дейін

2

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

2% дейін

8% дейін

4% дейін

9% дейін

4% дейін

4% дейін

5% дейін

3

Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиадалық комитеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиадалық комитеті

13% дейін

40% дейін

13% дейін

30% дейін

10% дейін

15% дейін

13% дейін

4

1) Дене шынықтыру-спорттық ұйымдар: олимпиадалық даярлау орталықтары, Қазақстан Республикасының ұлттық және штаттық ұлттық командаларын даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар;
2) Аккредиттелген ұлттық спорт федерациялары – тиісті федерацияны өкілдік ететін спортшының қатысу жағдайда;
3) Жергілікті атқарушы органдар – тиісті өңірді өкілдік ететін спортшы қатысқан жағдайда (өңірден бір өкіл);
4) Дене шынықтыру және спорт субъектілеріне жатпайтын мемлекеттік органдар;
5) Бірыңғай оператор.

12% дейін

20% дейін

6% дейін

12% дейін

8% дейін

15% дейін

10% дейін

5

Спорттық медицина ұйымдары (спорттық дәрігерлер, массажисттер және т.б.)

28% дейін

22% дейін

23% дейін

22% дейін

9% дейін

12% дейін

12% дейін

6

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері

6% дейін

12% дейін

6% дейін

12% дейін

3% дейін

8% дейін

5% дейін

7

Спорт түрлері бойынша жаттықтырушылар штабы (бас жаттықтырушы, аға жаттықтырушы, жеке жаттықтырушы, жаттықтырушы, жаттықтырушы-сервисмен, жаттықтырушы-кеңесші) спорт түрінің басымдығы мен жүлделі орындарға ие болу ықтималдығын ескере отырып қалыптастырылады

86% дейін

100% дейін

100% дейін

100% дейін

29% дейін

27% дейін

50% дейін

8

Бірінші топтағы мүгедектігі бар спортшыны бірге алып жүретін адам



38% дейін

38% дейін



38% дейін

      Осы норматив шеңберінде "Қазақстан Республикасы Спорт делегациясының құрамын қалыптастыру %" кезінде кестеде көрсетілетін спортшылардың жалпы санынан өкілдердің үлесі көрсеткіші қолданылады;

      Қазақстан Республикасы Спорт делегациясының үлесі тиісті кешенді спорттық іс-шара бойынша делегация құрамына енгізілген спортшылардың бекітілген тізбесі негізінде жүзеге асырылады;

      Есепке жарысты ұйымдастырушылардың талаптарына және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленген аккредиттеу рәсімінен өткен адамдар ғана қабылданады;

      "Спортшылардың жалпы санынан өкілдердің үлесі, %" көрсеткіші спорт делегациясының құрамына енгізілген өкілдердің санын спорт делегациясының құрамына енгізілген спортшылардың жалпы санына бөлу жолымен айқындалады, кейінен алынған мәнді 100-ге көбейтіледі.

      Есептеу формуласы:

      Өкілдердің үлесі (%) = (Өкілдер саны / Спортшылар саны) х 100.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады