Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 шілдедегі № 126 "Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
1) 14-тармақта:
22) тармақша алынып тасталсын;
келесі мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:
"30-1) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану заңнамасында белгіленген талаптар бұзылған жағдайда Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазаларды қолдану;";
2) Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:
1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"1. "Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Ғабдол Сланов атындағы Атырау облыстық орталық ғылыми әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;";
3) Басқарманың қарамағындағы ұйымдар тізбесі келесі мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
"11. "Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Атырау Жастар театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны".".
2. "Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы ол алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | С. Шәпкенов |
