ЗҚАИ-ның ескертпесі! Осы шешім 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 582-бабының 1-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде Кодекстің 577 және 578-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері елу пайызға арттырылсын.
Осы тармақтың ережесі Кодекстің 581-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.
2. Осы шешім 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының төрағасы | А. Рахметова |
