"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 шілдедегі № 157 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 6 ақпандағы № 23 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 шілдедегі No 157 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесінің 15-тармағына келесі мазмұндағы абзацтар қосылсын:

      үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындайды, сондай-ақ қажет болған кезде үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтайды;

      жануарларға арналған панажайлардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді және жануарларды жаңа иелеріне беруге, адасып қалған жануарлардың иелерін іздеуге, үй жануарларын стерилизациялау қажеттілігі туралы хабарлауға бағытталған әлеуметтік жарнаманы ұйымдастырады;

      қаңғыбас жануарлардың санын реттеуді ұйымдастырады.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан Облысы Есіл ауданы әкімдігінің және "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурстарында орналастыруды;

      3) "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге енгізілген толықтыру туралы әділет органдарын хабардар етуді.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкіміннің міндетің атқарушы В.Краснощек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады