Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 23 маусымдағы № 154 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялансын және енгізу үшін жіберуді;

      2) осы қаулыны Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің интернет – ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі Р. Аңбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Солтүстік Қазақстан облысы

      Ғабит Мүсірепов атындағы

      ауданы мәслихаты

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ғабит Мүсірепов атындағы
  аудан әкімдігінің
  2026 жылғы 23 маусымдағы
  № 154 қаулысына
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы мамандарының лауазымдары:

      1) үйде қызмет көрсету ұйымының (үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері; қызметтерді алушылардың тұрғылықты жері бойынша үйде қызмет көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған ұйымдар) басшысы;

      2) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      3) біліктілігі жоғары, орта деңгейдегі бірінші, екінші санатты және санаты жоқ маман - әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

      4) біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ маман - арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      5) біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ маман - қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      6) біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ маман - психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

      2. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әдістемелік кабинет меңгерушісі (басшысы);

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапхана меңгерушісі (басшысы);

      4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік қойылым бөлімі меңгерушісі (басшысы);

      5) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас қор сақтаушысы;

      6) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - барлық атаудағы әдістемешілері (негізгі қызметтердің);

      7) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - библиограф;

      8) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - кітапханашы;

      9) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - қор сақтаушы;

      10) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;

      11) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер) - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман;

      12) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - музыкалық жетекші;

      13) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      14) біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман - хореограф;

      15) біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - кинооператор;

      16) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - аккомпаниатор;

      17) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - хормейстер;

      18) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - барлық атаудағы әртіс;

      19) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - ұжым (үйірме) басшысы;

      20) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - вокалдан репетитор;

      21) біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - кинорежиссер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады