"Володарское PRP" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 12 наурыздағы № 48 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағының 2) тармақшасына, 71-1-бабының 2-тармағына, "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, "Володарское PRP" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2026 жылғы 19 ақпандағы өтініші, 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 4210-ТПИ келісімшартының № 4 толықтыру негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында орналасқан, осы қаулының қосымшасына сәйкес "Володарское PRP" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жалпы ауданы 28915,498 гектар жер учаскелеріне 2026 жылғы 8 шілдеге дейінгі мерзімге Солтүстік Қазақстан облысындағы Володарское алаңының полиметалл кендері мен асыл металдарын барлауға геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін, жер пайдаланушылардың жер учаскелерін алып қоймай, жария сервитут белгіленсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберу;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.

      3. "Володарское PRP" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне бұзылған жерлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу ұсынылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі Р. Аңбаев

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ғабит Мүсірепов атындағы
  аудан әкімдігінің
  2026 жылғы 12 наурыздағы
  № 48 қаулысына
  қосымша

№ 4210 ТПИ келісімшарттық аумақтың жер учаскелерінің әкімшілік жағдайының кестесі

Учаскенің атауы

Әкімшілік жағдайы

Жалпы ауданы гектарда

1

Петаевский

Солтүстік Қазақстан облысы,
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Тахтаброд ауылдық округі

2710,73

2

Тахтабродский

Солтүстік Қазақстан облысы,
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Тахтаброд ауылдық округі

1333,15

3

Кургарагайский

Солтүстік Қазақстан облысы,
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Тахтаброд ауылдық округі

2610,79

4

Литвиновское

Солтүстік Қазақстан облысы,
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Салқынкөл ауылдық округі

242,188

5

Красный Казахстан

Солтүстік Қазақстан облысы,
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Қырымбет ауылдық округі

622,65

6

Дубровский

Солтүстік Қазақстан облысы,
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан,
Чистопол ауылдық округі

5884,28

7

Шоккарагайский

Солтүстік Қазақстан облысы,
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан,
Чистопол ауылдық округі

10244,17

8

Северо-Золотоношенский

Солтүстік Қазақстан облысы,
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан,
Андреев ауылдық округі

1928,6

9

Шарыкский

Солтүстік Қазақстан облысы,
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан,
Көкалажар ауылдық округі

3338,94

Барлығы

28915,498


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады