"КОКШЕТАУ ЭНЕРГО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 49 жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану құқығын (жария сервитут) беру туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Сырымбет аулдық округі әкімінің 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 20 шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-баптың 4-тармағының 2) тармақшасына, 43-бабының 7-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, "КОКШЕТАУ ЭНЕРГО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтініші, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің "Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы А.М. Магимовтың 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 120 бұйрығымен бекітілген жерге орналастыру жобасы негізінде, Сырымбет ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. "КОКШЕТАУ ЭНЕРГО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Сырымбет ауылдық округінің Качиловка ауылындағы орналасқан КТП № 6-4 және одан тарайтын ВЛ-0,4 кВ ф.1, ф.2 қызмет көрсету үшін жалпы алаңы 0,0053 га жер учаскесіне 49 жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (жария сервитут) берілсін.

      Жердің санаты: елді мекен жерлері.

      2. "КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі санитариялық-экологиялық нормалар, тарихи - мәдени мұраны қорғау және пайдалану нормаларының сақталуы жөніндегі мен нормаларды, уәкілетті органдарға жерасты және жер үсті коммуникацияларын салу және пайдалану үшін, аралас жер пайдаланушылардың бөгет жасамасын.

      Жер учаскесі бөлінеді деп есептелсін.

      3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін:

      1) осы шешімнің қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық нұсқадағы көшірмесін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді қамтамасыз ету;

      2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін оны Сырымбет ауылдық округі әкімдігі аппаратының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз ету.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Сырымбет ауылдық округ әкімі М. Бекенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады