Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 8-42-3 шешімі

      Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2-тармағымен.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 6-18-4 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4695 тіркелген);

      Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 6-20-3 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 6-18-4 "Айыртау ауданы бойынша жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4741 тіркелген);

      Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 6-41-2 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы бойынша жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" № 6-18-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6232 тіркелген);

      Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының 2023 жылғы 12 мамырдағы № 8-3-2 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 6-18-4 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7504-15 тіркелген).

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қантардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының төрағасы Г. Әбілқайырова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады