Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2026 жылғы 6 қаңтардағы № 8-37-5 шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі

       Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 582-бабының 1-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына бөлінген, казино орналасқан, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерінен басқа, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 577 және 578-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері елу пайызға арттырылсын.

      2. Осы шешім 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының төрағасы Г. Әбілқайырова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады