Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің регламентін бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 19 мамырдағы № 168 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 02 сәуірдегі "Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің үлгілік регламенттерін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 08 қарашадағы № 448 қаулысының күші жойылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімі М. Меңдібаев

  Айыртау ауданы әкімдігінің
  Солтүстік Қазақстан облысы
  2026 жылғы "18" мамырдан
  № 168 қаулысына
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Айыртау ауданы әкімдігінің регламенті "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 30-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 2 сәуірдегі "Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің үлгілік регламенттерін бекіту туралы" № 22 бұйрығына сәйкес әзірленді және аудандың әкімдіктері (бұдан әрі - әкімдік) отырыстарын дайындау және өткізу, аудандың әкімдігі мен аудан әкімі (бұдан әрі - әкім) актілерінің жобаларын дайындау және ресімдеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, облыс, аудан әкімдіктерінің және әкімдерінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

      2. Әкімдік Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бірыңғай жүйесiне кiредi, атқарушы биліктiң жалпымемлекеттiк саясатын тиiстi аумақты дамыту мүдделерiмен және қажеттiлiгімен үйлестіре жүргiзудi қамтамасыз етедi.

      3. Әкімдік құрамын әкiм орынбасарларынан, әкiм аппаратының басшысынан, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бiрiншi басшыларынан қалыптастырады.

      Әкімдіктің дербес құрамын әкiм айқындайды және аудандық мәслихат сессиясының шешiмiмен келiсiледi.

      4. Әкiмдіктің қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясымен Заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерімен және осы Регламентпен реттеледi.

      5. Әкімдіктің және әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi аудан әкімінің аппараты (бұдан әрі – аппарат) жүзеге асырады.

      6. Әкiмдіктің іс қағаздарын жүргiзу және әкімдікке келіп түсетiн хат-хабарларды өңдеу аппаратқа жүктеледi және Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің, нормативтiк құқықтық актілердің талаптарына сәйкес әзiрленетiн және әкімнің өкімімен бекiтетiн тәртiппен жүзеге асырылады.

      7. Көтеріліп отырған мәселе бойынша әкімнің тапсырмаларына, сондай-ақ мемлекеттік органдардың сұрау салуына ескертулер мен ұсыныстар болмаған жағдайда ескертулердің немесе ұсыныстардың жоқ екені туралы ақпарат ресми электронды пошта арқылы ғана немесе заңнамаға қайшы келмейтін өзге тәсілмен, оның ішінде ресми хат жібермей, электрондық құжат айналымы жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жіберіледі.

      8. Әкімнің орынбасарлары мен аппарат басшысы әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің қарауға енгізілетін жобаларының осы Регламентте белгіленген өту тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді.

2-тарау. Жұмысты жоспарлау

      9. Әкімдіктің отырыстарында қарауға арналған мәселелердің тоқсан сайынғы тізбесін әкімнің жетекшілік ететін орынбасарымен немесе аппарат басшысымен келісу бойынша әкімдік мүшелерінің ұсынысымен аппарат жасайды.

      Әкімдіктің отырыстарында қарауға жоспарланатын мәселелердің тізбесін аппарат басшысы әкіммен келісу бойынша жоспарланатын тоқсанның алдындағы айдың 20 (жиырма) күнінен кешіктірмей бекітеді.

      Бекітілген тізбе әкімдіктің мүшелеріне, сондай-ақ қажет болған жағдайда қалалардың, аудандардың әкімдеріне және басқа да лауазымды адамдарға жіберіледі.

      Жоспарланған мәселені тізбеден алып тастау немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешімді аппарат басшысы әкіммен келісу бойынша дәлелді себептері көрсетіле отырып, отырыс өткізілетін күнге дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей енгізілген әкімдіктің тиісті мүшесінің жазбасы негізінде қабылдайды.

      Аталған шешім туралы өз құзыретіне байланысты мүдделі атқарушы органдар, орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелер мен өзге де лауазымды адамдар хабардар етіледі.

      Сол бір мәселені қараудан қайта алып тастау және/немесе қарау мерзімін кейінге қалдыру мониторингін әкімнің орынбасарлары мен аппарат басшысы қамтамасыз етеді.

3-тарау. Аудан әкімдігінің отырыстарын дайындау және өткізу

      10. Әкімдіктің отырыстары бейнеконференцбайланыс арқылы, сондай-ақ күндізгі немесе аралас форматта айына кемінде бір рет өткізіледі және оларды аппарат басшысы шақыртады.

      Кезектен тыс отырыстар әкімнің немесе әкімнің міндетін атқарушы адамның бастамасы бойынша шақыртылады.

      11. Әкімдіктің отырыстарында әкім, ал ол болмаған жағдайда әкімнің міндетін атқарушы адам төрағалық етеді.

      12. Әкiмдіктің отырыстары ашық отырыс болып табылады әрі қазақ және (немесе) орыс тiлдерiнде жүргiзiледi.

      Қажет болса, жекелеген мәселелер жабық отырыстарда қаралуы мүмкiн.

      13. Егер әкiмдіктің отырысына әкiмдік мүшелерiнiң кемінде үштен екiсi қатысса, отырыс заңды болып саналады.

      Мәселенi әкiмдіктің отырысында қарау нәтижелерi бойынша қаулы қабылданады.

      Қаулы әкiмдіктің қатысып отырған мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады.

      14. Әкiмдіктің отырыстарына Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының, мәслихаттың депутаттары, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары және осындай құқық заңдармен, Президент пен Үкіметтің актілерімен берілген өзге де лауазымды адамдар қатыса алады.

      15. Отырыста қарауға дайындалған қазақ және орыс тілдеріндегі материалдар отырысқа дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын аппаратқа енгізіледі және:

      1) көлемі 5 (бес) беттен аспайтын анықтамаларды, ақпараттық мәліметтер мен материалдарды;

      2) қаулылар мен хаттамалық шешімдердің жобаларын;

      3) салыстырма кестелерді, таныстырылымдарды (көлемі 10 (он) мегабайттан аспайтын және қаріп өлшемі 20-дан кем болмайтын, көрнекі ақпаратты көрсетудің 16:9 форматына сәйкес келетін түрлі-түсті слайдтар);

      4) ақпараттық (талдамалық) баяндамаларды (ұзақтығы 7-10 минуттан аспайтын);

      5) қатысушылардың тізімін;

      6) әкімдіктің отырысында қаралатын мәселелер бойынша басқа да материалдарды қамтиды.

      "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құпиялылық режимінің және отырыстарға жіберуді шектеудің талаптары сақтала отырып енгізілетін таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты немесе мемлекеттік құпияларды қамтитын құжаттарды қоспағанда, материалдар отырысқа электрондық түрде енгізіледі.

      Шақырылғандардың отырысқа қатысуын аппарат қамтамасыз етеді.

      Шақырылған адам аппарат ұйымдастырған отырыстарды (кеңестерді) растауды және (немесе) оған қатысуды қамтамасыз етеді.

      Ерекше жағдайларда әкімнің немесе әкімнің міндетін атқарушы адамның тапсырмасы бойынша жоспарланған мәселеге өзгеріс енгізілгенде және отырыс кезектен тыс тәртіппен өткізілгенде материалдар аппаратқа отырыс өтетін күні енгізілуі және отырысқа қатысушыларға тікелей отырыста жеткізілуі мүмкін.

      Материалдардың мазмұны мен оларды дайындау сапасын құзыретіне қаралатын мәселе жататын әкімдіктің мүшесі қамтамасыз етеді.

      16. Аппарат отырыстың күн тәртібінің жобасын жасайды және әкіммен не оны алмастыратын адаммен келісілгеннен кейін оны және тиісті материалдарды әкімдік мүшелеріне және шақырылғандарға, ал қажет болған жағдайда басқа да лауазымды адамдарға аппарат басшысы бекіткен тарату көрсеткішіне сәйкес отырысқа дейін 3 (үш) күн жұмыс бұрын электрондық түрде жібереді.

      Материалдар отырысқа уақтылы ұсынылмаған, сондай-ақ сапасыз ұсынылған жағдайда әкімнің жетекшілік ететін орынбасары немесе аппарат басшысы жоспарланған мәселені қараудан алып тастау немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдайды және бұл туралы әкімге немесе оны алмастыратын адамға баяндайды.

      Материалдарды уақтылы және сапалы ұсынуды тиісті органдардың бірінші басшылары және әкімнің жетекшілік ететін орынбасарлары және (немесе) аппарат басшысы қамтамасыз етеді.

      Әкімдіктің отырысы әкімнің тапсырмасы бойынша шұғыл тәртіппен өткізілген кезде қаралатын мәселелер бойынша материалдар отырыс өткізілетін күні аппаратқа енгізілуі мүмкін.

      17. Әкім немесе оның міндетін атқарушы қол қойған және аппарат тіркеген отырыс хаттамасы 3 (үш) жұмыс күні ішінде хаттамада тиісті тапсырмалар берілген атқарушы органдар, орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелер мен ұйымдарға орындау үшін электрондық түрде жіберіледі.

      18. Өкілдері отырысқа қатысқан, тапсырма берілген атқарушы органдар мен ұйымдар қол қойылған отырыс хаттамасының келіп түсуін күтпей, отырыстан кейін тапсырмаларды дереу орындауға кіріседі.

4-тарау. Аудан әкімдігі мен аудан әкімі актілерінің жобаларын дайындау және ресімдеу

      19. Әкімдіктің немесе әкімнің тиісті шешім қабылдауы үшін атқарушы органдар:

      1) егер мәселені шешу әкімдіктің немесе әкімнің құзыретіне кіретін болса;

      2) жергiлiктi атқарушы органдар арасында келіспеушіліктер туындаған кезде;

      3) егер мәселені шешу жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді талап етсе, олардың атына ұсыныстар енгізеді.

      20. Әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын (бұдан әрі – жобалар) дайындауды аппарат және жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады.

      Әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларының, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерінің жобаларын әзірлеу, келісу, мемлекеттік тіркеу тәртібі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 шілдедегі № 464 бұйрығымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33048 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады (бұдан әрі - Қағидалар).

      Жобаларды аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, өз бастамасы бойынша немесе жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың тапсырмалары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретіне сәйкес әзірлейді.

      Жобаларды әкімнің тапсырмасы бойынша аппарат әзірлеуі мүмкін.

      21. Әкім өкімдерінің жобаларын қажетті материалдарды қоса бере отырып дайындау әкімшілік-өкімдік, жедел және жеке сипаттағы мәселелерді шешу үшін электрондық форматта жүзеге асырылады.

      Өкімдердің жобалары облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мүдделі атқарушы органдармен, орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелермен және лауазымды адамдармен 3 (үш) жұмыс күні ішінде келісіледі.

      Өкімнің жобасын келісуге алған кезде атқарушы органдар мен лауазымды адамдар өкімнің жобасына басқа мүдделі органдардың алдын ала бұрыштама қолын алмай бір мезгілде қарайды, сондай-ақ басқа да формальды белгілер бойынша келісуден бас тартпайды.

      Егер өкім жобасы 3 (үш) жұмыс күнінен немесе әкім белгілеген мерзімнен артық келісуде болса, онда мұндай жоба әдепкі қалпы бойынша "келісілген" болып есептеледі.

      Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты немесе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын өкімдердің жобалары қағаз түрінде келісіледі.

      22. Жобалар:

      1) құзыретiне орай мүдделi атқарушы органдармен, орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелермен келісіледі, бұл ретте жобаны келiсудегi мұндай мүдделiлік қаралатын мәселелердiң мән-жайы ескеріле отырып, белгiленедi;

      2) жобаның қаржылық орындылығы және қаржыландырумен қамтамасыз етiлуi мәселелерi бойынша қаржы саласындағы тиісті аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органмен;

      3) экономикалық орындылығы және ел мен өңірдің экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкестiгі мәселелерi бойынша экономика саласындағы тиісті аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органмен келісіледі.

      23. Жобаны әзірлеуші жобаны мүдделі атқарушы органдарға, орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерге және ұйымдарға келісуге жібереді.

      Атқарушы орган, орталық мемлекеттік органдың аумақтық бөлімше және ұйым жобаны келісуге алған кезде жобаны басқа мүдделі атқарушы органдармен, орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелермен және ұйымдармен алдын ала келісуді талап етпеуге, сондай-ақ басқа да формальды белгілер бойынша келісуден бас тартпауға тиіс.

      Егер жоба органда немесе ұйымда белгіленген мерзімнен көп уақыт бойы келісуде болса және ол бойынша жауап берілмесе, онда мұндай жоба әдепкі қалпы бойынша "келісілген" болып саналады.

      24. Жобаны әзірлеуші жобада бір мезгілде әкімдіктің қаулыларын және/немесе әкімнің шешімдері мен өкімдерін қабылданатын актіге сәйкес келтіру жөніндегі нормаларды көздейді және/немесе нақты мерзімдерді белгілей отырып, оларды тиісінше сәйкес келтіру туралы тапсырманы көздейді.

      25. Әкімнің орынбасарлары мен аппарат басшысының жобаларды келісуі міндеттерді бөлуге сәйкес жүзеге асырылады.

      26. Әкімдіктің қаулыларын, әкімнің шешімдері мен өкімдерін аппарат басшысы бекіткен таратылымға сәйкес аппарат электрондық түрде жібереді.

      Әкімдіктің және әкімнің әділет органдарында тіркелуге жататын актілері адресаттарға тіркелгеннен кейін жіберіледі.

      Құжаттарды уақтылы шығаруды және адресаттарға таратуды аппарат қамтамасыз етеді.

      27. Әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің техникалық қателер кезінде бұрын жіберілген даналарын ауыстыру аппарат басшысының рұқсатымен ғана жүргізіледі. Бұл жағдайда бастапқыда жіберілген құжаттарды аппарат қайтарып алады.

      28. Әкiмдік және әкiм қабылдаған актілердің бақылау даналарын есепке алуды, жүйеге келтіруді және жүргiзудi, оларға барлық ағымдағы өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзудi аппарат жүзеге асырады.

      29. Әзірлеуші азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне немесе кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын қатысты әкімдіктің қаулысын немесе әкімнің шешімін алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде әкімдік қаулысының немесе әкім шешімінің нақты мақсаттары, әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдары, сондай-ақ олардың болжамды тиімділігі туралы ақпаратты қамтитын қазақ және орыс тілдеріндегі, ал қажет болған жағдайда өзге тілдегі баспасөз релизін өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

5-тарау. Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, облыс, аудан әкiмдіктерінің және әкiмдерінiң актілерi мен тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру

      30. Заңнамалық актілердің, Қазақстан Республикасы Президентiнің, Yкiметiнің, Премьер-Министрiнің, әкiмдіктің және әкiмнің актілерінің орындалуын ұйымдастыру "Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау және іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына, сәйкес жүзеге асырылады нормативтік құқықтық жарлықтар", "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысымен осы Регламентпен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен.

      31. Өз құзыреті шегінде заң актілерін, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер-Министрінің, облыс және аудан әкімдіктері мен әкімдерінің және лауазымды адамдардың актілері мен тапсырмаларын бақылауға қойылады.

      32. Атқарушы органдардың бірінші басшылары орындау үшін жіберілетін заң актілерінің, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер-Министрінің, облыс және аудан әкімдіктері мен әкімдерінің актілері мен тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

      33. Әкiмнiң және оның орынбасарларының тапсырмаларында құжаттарды орындаудың мерзiмдерi белгiленедi. Мерзiмдер белгiленбеген жағдайда құжаттың келіп түскен күнiнен бастап есептелетiн орындаудың бiр айлық мерзiмi, ал "шұғыл" деген белгі болған жағдайда он күндiк мерзiм белгiленедi.

      34. Егер тапсырма белгiленген мерзiмде орындалмаса, онда тапсырманың орындалуына жауапты органның бiрiншi басшысы (не оның мiндетiн атқарушы адам) көрсетілген мерзімге дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілу кiдiрудiң себептерi туралы хабарлайды және белгіленген тәртіппен оны орындау мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш береді. Тапсырманы орындау мерзiмiн екi реттен артық ұзартуға жол берiлмейдi.

      35. Заңнамалық актілерінің, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер-Министрінің, облыс және аудан әкімдіктері мен әкімдерінің актілері мен тапсырмаларының орындалу мерзімдерін бақылау жөніндегі қызметті әкім айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.

      36. Аппарат заңнамалық актілерінің, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер-Министрінің, облыс және аудан әкімдіктері мен әкімдерінің актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы үнемі хабардар ете отырып, әкімнің олардың орындалуын бақылау жөніндегі қызметін қамтамасыз етеді.

      Әкімнің орынбасарлары, аппарат басшысы заңнамалық актілерін, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер-Министрінің, облыс және аудан әкімдіктері мен әкімдерінің актілері мен тапсырмаларын орындаудың белгіленген тәртібін өрескел бұзу фактілері бойынша кінәлі лауазымды адамдарды тәртіптік жауаптылыққа тарту жөнінде ұсыныстар енгізе алады.

      37. Әкім, әкім орынбасарлары, аппарат басшысы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде экономика салаларында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын және Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, әкімдік және облыс әкімі қойған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді.

      38. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасының, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Республика Президенті Әкімшілігінің Басшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары қатысуымен өтетін кеңестерді қоспағанда, әкімдік мүшелері әкімнің немесе әкімнің міндетін атқарушы адамның келісімі бойынша әкімдік атынан орталық мемлекеттік органдардың кеңестеріне өздері қатысады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады