"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. ""Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы"" Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 04 қаңтардағы № 1 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Аталған қаулымен бекітілген "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереженің 18 тармағының 28) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
28) тармақша "жекелеген негіздер бойынша коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады".
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Айыртау ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі белгіленген тәртіппен: "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Айыртау ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілген өзгерістің заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз ету;
осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмелерін ресми жариялау және нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы әділет министрлігі "Қазақстан Республикасы заңнама және құқықтық ақпарат институты"" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына жіберсін;
Осы қаулыны Айыртау ауданы әкімдігінің және "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыру.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімі | М. Меңдібаев |
