"Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы

Қатені түзеу

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 15 қаңтардағы № 14 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 42 және 45-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 және 39-баптарына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18, 124 және 130-баптарына, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 1202 "Мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің үлгілік жарғысын (жалпы ережесін) және мемлекеттік кәсіпорынның үлгілік жарғысын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымынан үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерін бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырып, "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын.

      2. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже жаңа редакцияда бекітілсін.

      3. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      4. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін мемлекеттік тіркеуді;

      2) "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені мемлекеттік тіркеуді;

      3) "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені мемлекеттік тіркеуді;

      4) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Электрондық банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      5) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің тиісті орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімі М.Меңдібаев

  Соолтүстік Қазақстан облысы
  Айыртау ауданы әкімдігінің
  2026 жылғы 15 қаңтардағы № 14
  қаулысымен бекітілген
  Қосымша 1

"Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жұмыспен қамту бөлімі) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Жұмыспен қамту бөлімінің ведомстволары:

      "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. Жұмыспен қамту бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Жұмыспен қамту бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Жұмыспен қамту бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.

      6. Жұмыспен қамту бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Жұмыспен қамту бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен жұмыспен қамту бөлімі басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 150100 индексі, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Ш. Уәлиханов көшесі, 42-үй.

      10. Осы Ереже Жұмыспен қамту бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Жұмыспен қамту бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен жүзеге асырылады.

      12. Жұмыспен қамту бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен жұмыспен қамту бөлімінің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Жұмыспен қамту бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, алынған кірістер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке аударылады.

2. Жұмыспен қамту бөлімінің міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      ұлтына, жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, саяси көзқарасына, дінге көзқарасына және өзге де мән-жайларға қарамастан еңбек ету еркіндігіне, қызмет түрі мен кәсіпті еркін таңдау құқығын іске асыруда тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіру және ұйымдастыру;

      біліктілікті және кәсіби деңгейді тұрақты арттыру;

      бюджеттік қаражатты пайдаланудың тиімділігін қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

      14. Өкілеттіктері:

      1. құқықтары:

      өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманы қолдану бойынша түсіндірмелер беру;

      мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды сатып алу және жүзеге асыру;

      өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа ұйымдардан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпараттық материалдарды сұрату және алу;

      шарттар, келісімдер жасасу.

      2. міндеттері:

      мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету;

      коммуналдық мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарларын бекіту;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру;

      2. халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;

      3. бюджеттік қаражатқа қажеттілікті болжау және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру;

      4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;

      5. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмектің өзге де түрлерін көрсету;

      6. жұмыс орындарының қысқаруы және босатылу қаупі бар ұйымдарға мониторинг жүргізу;

      7. аудандардағы жұмыс күші сұранысы мен ұсынысын талдау және болжау, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарын хабардар ету;

      8. өңірлік жұмыспен қамту картасын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру;

      9. жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша семинарлар өткізу, сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

      10. өз қарауындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді құру және олардың қызметін ұйымдастыру;

      11. арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну;

      12. мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;

      13. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де әлеуметтік көмек түрлерін тағайындау және төлеу;

      14. мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету және қайырымдылық көмегін үйлестіру;

      15. мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды жеке оңалту бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;

      16. мүгедектігі бар адамдарды жеке оңалту бағдарламасына сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;

      17. қозғалысы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекші қызметін, есту қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдарға ымдау тілі маманының қызметін ұсыну;

      18. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүгедектігі бар адамдарға қосымша әлеуметтік қолдау шараларын көрсету;

      19. Отбасын қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру;

      20. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызметін ұйымдастыру;

      21. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінің өтініштерін қарау, қабылдау және кеңес беру;

      22. "Пробация қызметінде есепте тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды ресоциализациялау", "Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы" әлеуметтік жобаларының іске асырылуын бақылау;

      23. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органдарына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3. Жұмыспен қамту бөлімі басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері

      16. Жұмыспен қамту бөлімін басқаруды басшы жүзеге асырады және ол Жұмыспен қамту бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      17. Жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Жұмыспен қамту бөлімінің басшысының орынбасары болады, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      19. Жұмыспен қамту бөлімінің басшысының өкілеттіктері:

      басшы орынбасарының, "Отбасын қолдау орталығы" КММ директорының, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ директорының міндеттерін айқындайды және жауапкершілік дәрежесін белгілейді;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Отбасын қолдау орталығы" және "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төлемдер мен міндеттемелердің қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жұмыспен қамту бөлімінің мүддесін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда білдіреді;

      азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады;

      Жұмыспен қамту бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды қамтамасыз етеді және ол үшін дербес жауапкершілік атқарады;

      өз өкілеттіктері шегінде өзге де шешімдер қабылдайды;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Жұмыспен қамту бөлімі басшысының өкілеттіктерін ол болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      20. Басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындайды.

4. Жұмыспен қамту бөлімінің мүлкі

      21. Жұмыспен қамту бөлімі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлікке ие болуы мүмкін.

      Мүлік меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Жұмыспен қамту бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Жұмыспен қамту бөліміне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Жұмыспен қамту бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Жұмыспен қамту бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Қарауындағы ұйымдардың тізбесі:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Айыртау ауданы әкімдігінің
  2026 жылғы 15 қаңтардағы №14
  қаулысымен бекітілген
  Қосымша 2

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Орталық) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.

      2. Орталық өз қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3294 болып тіркелген), сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Орталық Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 15 қаңтардағы № 14 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы" қаулысына сәйкес құрылған.

      4. Орталықтың құрылтайшысы Айыртау ауданының әкімдігі болып табылады.

      5. Орталықтың мүлкіне қатысты мемлекеттік (коммуналдық) меншік субъектісінің құқықтарын Айыртау ауданының әкімдігі жүзеге асырады.

      6. Орталықты басқаруды жүзеге асыратын орган – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік басқару органы).

      7. Орталықтың атауы:

      мемлекеттік тілде: "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение "Центр оказания специальных социальных услуг" коммунального государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ акимата Айыртауского района Северо-Казахстанской области".

      Орталықтың орналасқан жері: 150100 индексі, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Ш. Уәлиханов көшесі, 42.

2. Орталықтың құқықтық мәртебесі

      8. Орталық мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.

      9. Орталықтың дербес балансы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктік шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Орталықтың атауы көрсетілген мөрі болады.

      10. Орталық Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа заңды тұлғаны құруға немесе оның құрылтайшысы (қатысушысы) болуға құқылы емес.

      11. Орталық өз міндеттемелері бойынша өз иелігіндегі қаржылық қаражаттармен жауап береді. Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, оның міндеттемелері бойынша субсидиарлық жауапкершілікті тиісті бюджеттің қаражаты есебінен әкімшілік-аумақтық бірлік көтереді.

      12. Орталықтың азаматтық-құқықтық мәмілелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық аумақтық бөлімшелерінде міндетті тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.

3. Орталық қызметінің мәні мен мақсаттары

      13. Орталық қызметінің мәні – өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету.

      14. Орталықтың мақсаты – бөгде күтім мен көмекті қажет ететін жалғыз басты қарт, еңбекке қабілетсіз адамдарға, мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету.

      15. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін Орталық мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

      1. тұрғылықты жері бойынша, күндізгі уақытта үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін келесі санаттағы азаматтарға (бұдан әрі – қызмет алушылар) көрсету:

      бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиялары бар мүгедектігі бар балаларға;

      бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға;

      он сегіз жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарға;

      бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

      қарттығына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын адамдарға;

      2. әлеуметтік көмекке мұқтаж қызмет алушыларды анықтау және есепке алу;

      3. арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау;

      4. үйде қызмет көрсету ұйымының құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де қызметтер.

      16. Орталық осы Ережеде бекітілген қызметінің мәні мен мақсаттарына сәйкес келмейтін қызметті жүзеге асыруға және мәмілелер жасауға құқылы емес.

      17. Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен нақты шектелген қызмет мақсаттарына қайшы жасалған, не басшының құзыретін бұза отырып жасалған мәміле мемлекеттік басқару органының немесе прокурордың талап арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

4. Орталықты басқару

      18. Орталықты жалпы басқаруды мемлекеттік басқару органы жүзеге асырады.

      Орталықтың құрылтайшысы:

      1. Орталыққа мүлікті бекітіп береді;

      2. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;

      3. Орталықтың Ережесін, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

      4. шаруашылық қызметі нәтижесінде алынған немесе берілген мүлікті алып қоюға не қайта бөлуге мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға келісім береді.

      19. Мемлекеттік басқару органы:

      1) Орталықтың қаржыландыру жоспарларын қарайды, келіседі және бекітеді;

      2) Орталықтың басқару органдарының құрылымын, құрылу тәртібін және өкілеттік мерзімін айқындайды;

      3) Орталықтың құрылымы мен штаттық кестесін бекітеді;

      4) осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      20. Орталықтың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік басқару органы тарапынан қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      21. Орталықтың басшысы Орталықтың жұмысын ұйымдастырады және басқарады, мемлекеттік басқару органына тікелей бағынады және жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады.

      22. Орталықтың басшысы қаржы-шаруашылық қызметі, қаржы қаражатын мақсатты әрі тиімді пайдалану және мүліктің сақталуы үшін жеке жауапкершілікке ие.

      23. Орталықтың басшысы дара басшылық қағидаты негізінде әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасы мен осы Ережеге сәйкес өз құзыреті шегінде барлық мәселелерді дербес шешеді.

      24. Орталықтың жарғылық емес қызметін жүзеге асыруға бағытталған басшының әрекеттері еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік әрі материалдық жауапкершілікке әкеп соғады.

      25. Орталықтың басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) сенімхатсыз Орталық атынан әрекет етеді және оның мүддесін білдіреді;

      2) шарттар жасасады;

      3) қызметкерлердің жеке жылдық жұмыс жоспарларын бекітеді;

      4) іссапарлар, тағылымдамалар, оқыту және біліктілікті арттыру жоспарларын бекітеді;

      5) сенімхаттар береді;

      6) банктік шоттар ашады;

      7) Орталықтың қаржылық есептілігін бекітеді;

      8) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар мен өкімдер шығарады;

      9) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      10) қызметкерлерді көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;

      11) ішкі еңбек тәртібі қағидаларын бекітеді;

      12) қызметкерлердің міндеттерін айқындайды;

      13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдайды;

      14) мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      15) заңнамада және осы Ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

5. Орталық мүлкін қалыптастыру тәртібі

      26. Орталықтың мүлкі оның балансында көрсетілетін заңды тұлғаның активтерінен тұрады және:

      1. меншік иесі берген мүліктен;

      2. Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздерден қалыптасады.

      27. Орталық өзіне бекітілген немесе смета бойынша бөлінген қаражат есебінен алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзгеше түрде билік етуге құқылы емес.

      28. Орталықтың қызметін қаржыландыру, егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, тек жергілікті (аудандық) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      29. Орталық бухгалтерлік есепті жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.

      30. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен Орталыққа кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, алынған қаражат тиісті бюджетке аударылады, "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңда көзделген салалардағы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен қаражатты қоспағанда.

      31. Орталықтың қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру мен ревизия тиісті саланың уәкілетті органы тарапынан заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

6. Орталықтағы жұмыс режимі

      32. Орталықтың жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен айқындалады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына қайшы келмеуі тиіс.

7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      33. Орталықтың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар құрылтайшының шешімі бойынша енгізіледі және Қазақстан Республикасының "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Заңына сәйкес әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтеді.

8. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

      34. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      35.Таратылған Орталықтың кредиторлар талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкі мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган арқылы, аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша қайта бөлінеді.

      36. Таратылған Орталықтың ақшалай қаражаты, оның ішінде мүлкін өткізуден түскен қаражат, кредиторлар талаптары қанағаттандырылғаннан кейін тиісті бюджет кірісіне есептеледі.

9. Орталықтың филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер

      37. Орталықтың филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады