"Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының кейбір коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 318 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 25 ақпандағы № 31 қаулысы

      Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының кейбір коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 318 қаулысымен бекітілген "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесіне келесі өзгерістер енгізілсін:

      "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ережесінің 7-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "7. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңды мекенжайы: 150311, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Шағалалы ауылы, Вадима Буторина, 4."

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округі әкімінің аппараты қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Эділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтық құқықтық актілерін эталондық бақылау енгізу үшін жолдауды;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) заңнамада белгіленген тәртіппен "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілген өзгеріс жөнінде әділет органдарын хабардар етуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аққайың ауданының әкімі Ж. Құсайын

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады