Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 2 "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Петропавл қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 3/33 шешімі

      Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 2 "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Петропавл қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7637-15 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Петропавл қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      2-тармақтың 5), 13), 14), 15) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым - екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;

      13) цифрлық құжаттар сервисі-операторға бекітілген және цифрлық объектілерден алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған құжаттарды электрондық түрде көрсетуге және пайдалануға арналған "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымының объектісі;

      14) "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған цифрландыруға, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесі" болып табылатын цифрлық объект.

      15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).";

      5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "5. Әлеуметтік көмек біржолғы және (немесе) мерзімді түрде (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет, үш жылда бір рет) ұсынылады және өтініш жасалған айдан бастап жүзеге асырылады.";

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Алушылар санаттарының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімдерін жергілікті атқарушы орган белгілейді және жергілікті өкілді органның шешімімен бекітіледі.

      Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

      1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның жылжымайтын мүлкіне зиян келуі;

      2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның жылжымайтын мүлкіне зиян келуі;

      3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;

      4) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін бір ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын, жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.";

      10-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "10. Толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарды қоспағанда, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына тұрмыстық мұқтаждарға әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселенген мөлшерінен аспайтынын ескере отырып, кезең-кезеңімен (жылына бір рет) 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі, оның ішінде келесі негіздер бойынша:

      әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігі шектелген азаматқа;

      жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы жағдайларында көрсетіледі.";

      11-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "11. Ақшалай көмек түріндегі әлеуметтік көмек толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарды қоспағанда, табыстарын есепке алмай мұқтаж азаматтардың мынадай санаттарына:

      азаматқа (отбасына) өрттің салдарынан оған немесе оның мүлкіне нұқсан келсе – тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) иелерінің біріне біржолғы 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, көрсету мерзімі өрт фактісін растайтын құжаттың негізінде оған немесе оның мүлкіне залал келтірілген сәттен бастап алты айдан кешіктірілмеуі тиіс, отбасы мүшелерінің өлімі болған жағдайда - қаза тапқан адамға – біржолғы 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      азаматқа (отбасына) дүлей апат салдарынан оған немесе оның мүлкіне нұқсан келсе – тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) иелерінің біріне біржолғы 100 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, көрсету мерзімі дүлей апат фактісін растайтын құжаттың негізінде оған немесе оның мүлкіне залал келтірілген сәттен бастап алты айдан кешіктірілмеуі тиіс, отбасы мүшелерінің өлімі болған жағдайда - қаза тапқан адамға – біржолғы 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, Заңның 8-бабында көрсетілген өзге де адамдарға, 1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерді, бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерiнiң шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылар мен қызметшiлерді қоспағанда, Семей ядролық полигоны аймағында зардап шеккендерге жоғарыда көрсетілген санаттардың мәртебесін растайтын құжат негізінде Петропавл қаласының емдеу-профилактикалық мекемелерінің жолдамасы бойынша, жол жүру фактісін растайтын құжат (жол жүру билеті, электрондық жол жүру билеті, билеттерге ақы төленгенін көрсететін банктік шоттан үзінді) және ауруханаға жатқызылу фактісін куәландыратын құжаттарды (емдеу-профилактикалық мекеменің үзіндісі немесе басқа құжаттар) ұсынған жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауруханаға жатқызу орнына дейін және кері қарай көрсетілген көлік құралдарының бір түріне жөнелту станциясынан темір жол, автомобиль жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) жүріп өткен жолдың нақты құнын өтеуге көрсетіледі.";

      келесі мазмұндағы 11.1-тармақпен толықтырылсын:

      "11.1. Емдеуге (сауықтыруға) әлеуметтік көмек толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарды қоспағанда, мұқтаж азаматтардың мынадай санаттарына табыстары есепке алынбай көрсетіледі:

      АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы ұсынатын тізім негізінде тұрақты күтім жасау және қосымша күшейтілген тамақтану үшін адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауруы бар балалардың ата-анасына немесе заңды өкіліне ай сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде;

      "Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25167 болып тіркелген) сәйкес II, II А немесе IV клиникалық топтағы қатерлі ісігі бар азаматқа мерзімді (жылына бір рет) 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Петропавл қаласының мемлекеттік және жеке медициналық мекемелері ұсынатын тізімдер негізінде Солтүстік Қазақстан облысының облыстық фтизиопульмонология орталығында амбулаториялық емделуде болған кезеңде туберкулезбен ауыратын азаматқа қосымша тамақтануға - мерзімді (ай сайын) 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, 1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерді, бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерiнiң шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылар мен қызметшiлерді қоспағанда, Заңның 8-бабында көрсетілген өзге де адамдарға жұмыс түрлері мен материалдарын (шарт, фискалдық чек) міндетті түрде көрсете отырып, тіс протездеуді жүргізуге лицензиясы бар ұйымнан алынған төлем шотын ұсынған жағдайда, жоғарыда көрсетілген санаттардың мәртебесін растайтын құжат негізінде бағалы металдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа, тіс протездеу ақысын өтеуге 70 (жетпіс) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомадан аспайтын өлшемде";

      келесі мазмұндағы 11.2-тармақпен толықтырылсын:

      "11.2. Санаторлық-курорттық емдеуге әлеуметтік көмек толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарды қоспағанда, мұқтаж азаматтардың мынадай санаттарына кірістер есепке алынбай ұсынылады:

      Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, 1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерді, бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерiнiң шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылар мен қызметшiлерді қоспағанда, Заңның 8-бабында көрсетілген басқа да адамдарға, санаторлық-курорттық емдеу құны мөлшерінде төленгенін растайтын құжаттар (шарт, фискалдық чек) ұсынылған жағдайда, жоғарыда көрсетілген санаттардың мәртебесін растайтын құжат негізінде Петропавл қаласының емдеу-профилактикалық мекемелерінің ұсынымдарына сәйкес мерзімді (жылына бір рет), Қазақстан Республикасының шегінде санаторлық-курорттық емдеуге жолдаманың нақты құнын өтеуге, бірақ 70 (жетпіс) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде. Санаторлық-курорттық емдеуге арналған жеке абилитация және оңалту бағдарламасы (ЖАОБ) әзірленген мүгедектігі бар ардагерлерге санаторлық-курорттық емдеуге әлеуметтік көмек төленбейді;

      Қазақстан Республикасының шипажайларында (профилакторияларында) санаторлық-курорттық емделуге арналған Петропавл қаласының емдеу-профилактикалық мекемелерінің ұсынымдарына сәйкес санаторлық-курорттық емдеу түрінде әзірленген жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасы болмаған жағдайда жалпы аурудан бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға және жеті жасқа дейінгі, бірінші, екінші, үшінші топтағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға санаторлық-курорттық емдеу құны мөлшерінде, ал санаторлық-курорттық картаны ұсынған кезде, олар "Әлеуметтік қызметтер порталы" арқылы жүзеге асырылатын болса, онда емдеу құны мөлшерінде, бірақ ағымдағы қаржы жылына санаторлық-курорттық емдеу құнын өтеудің кепілдік берілген сомасынан аспайтын мөлшерде мерзімді (жылына бір рет) көрсетіледі. Жеті жасқа дейінгі, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмектің осы түрін көрсету кезінде бірінші, екінші, үшінші топтарға мүгедектігі бар баланы санаторлық-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдердің біріне жоғарыда көрсетілген санаттағы мүгедектіктің белгіленген тобы негізінде әлеуметтік көмек көрсетілетін соманың 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде қосымша көмек беріледі;

      келесі мазмұндағы 11.3-тармақпен толықтырылсын:

      "11.3. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге әлеуметтік көмек толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарды қоспағанда, мұқтаж азаматтардың мынадай санаттарына кірістер есепке алынбай көрсетіледі:

      уәкілетті ұйым ұсынатын тізім бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ тікелей ядролық сынақтарға қатысқан басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік ардагерлер мәртебесі бар адамдарға Мемлекеттік корпорация ұсынған тізімдер бойынша азаматтардан өтініштер талап етілмей, табыстарын есепке алмай, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және отын сатып алуға жоғарыда көрсетілген санаттардың мәртебесін растайтын құжат негізінде мерзімді (ай сайын) 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      14-тармақтың екінші абзацында "электрондық үкімет" деген сөздер "цифрлық үкімет" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "3) мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздердің болу фактісін растайтын төменде көрсетілген құжаттардың бірі:

      табиғи зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның жылжымайтын мүлкіне келтірілген залал фактісін растайтын құжат;

      өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның жылжымайтын мүлкіне келтірілген залал фактісін растайтын құжат;

      әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжат;";

      26- тармақ келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Әлеуметтік көмекті есептеу және көрсету кезінде тиындармен есептелген барлық сомалар тиындардың сомасына қарамастан бір теңгеге дейін дөңгелектенуге жатады.";

      28-тармақтың 3) тармақшасындағы "мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге" деген сөздер "арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына" деген сөздермен ауыстырылсын, "күннен бастап" деген сөздер "айдан бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;

      30-тармақ келесі мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) кепілдендірілген көлемінен артық арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынылатын адамды қоспағанда, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында стационар жағдайында тұру және толық мемлекеттік қамтамасыз етуде болу.

      33-тармақта төртінші абзац келесі редакцияда жазылсын:

      "ай сайынғы және тоқсандық төлемдер бойынша – төлем айының алдындағы айдың 27-сі.";

      34-тармақта үшінші абзац келесі редакцияда жазылсын:

      "Айдың 27-күнінен кейін келіп түскен өтінімдер бойынша әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган келесі айдың 1-күнінен кейін әлеуметтік көмек төлеуге қажеттілік сомасы туралы өтінімде көзделген сомалар шегінде Мемлекеттік корпорацияға ақша қаражатын аударады.".

      Бүкіл мәтін бойынша "ақпараттық", деген сөздер "цифрлық" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Петропавл қалалық мәслихатының төрағасы А. Бердағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады