Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 306 "Ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36700 болып тіркелген) сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері бекітілсін:
1) тұтыну нормативі шегінде ауызсуды өз қажеттіліктері үшін пайдаланатын халық үшін – ауызсудың 1 текше метрі үшін 120 теңге;
2) бір адамға тәулігіне 140 литр көлеміндегі су тұтыну нормативінен асқан жағдайда ауызсуды өз қажеттіліктері үшін пайдаланатын халық үшін – ауызсудың 1 текше метрі үшін 156 теңге.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы В. Бубенко |
