Алматы қаласы әкімдігінің "Экология және қоршаған орта басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" 2022 жылғы 1 маусымдағы № 2/244 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 11 тамыздағы № 3/508 қаулысы

      Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Экология және қоршаған орта басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" 2022 жылғы 1 маусымдағы № 2/244 қаулысына келесі өзгеріспен толықтыру енгізілсін:

      "Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      "23-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      2. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік мекеменің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      "Медеу" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      "Eco Almaty" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      "Тау Су Қызмет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      "Жасыл Алматы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі".

      14-тармақ келесі мазмұндағы 65) тармақшамен толықтырылсын:

      "65) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арналар арқылы су беру, реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді қалыптастыру, бекіту, өзгерту және қолдану саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша, сондай-ақ арнайы су пайдалану, гидротехникалық құрылыстар мен техникалық құрылғыларды қолдана отырып, жерүсті суларын алу және пайдалану құқығын беру мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады."

      2. "Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Алматы қаласының әділет органдарын оның Құрылтай құжатына енгізілген өзгерістер туралы хабардар етсін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жариялауға жіберсін және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын.

      3. Қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Алматы қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады