2026 жылға тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 15 сәуірдегі № 2/225 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27 бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 5, 64 тармақтарына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылға тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына) арналған субсидиялар нормалары бекітілсін.

      2. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      2) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды
      Әзірлеуші:
      Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Б. Мәндібаев
      Келісушілер: Алматы қаласы әкімінің орынбасары О. Смағұлов
      Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Е. Исабеков
      Алматы қаласы әкімі аппараты
      заң бөлімінің басшысы Г.Мырзабекова

  Алматы қаласы әкімдігінің
  2026 жылғы "___"__________ № ___
  қаулысына қосымша

2026 жылға тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялардың нормалары

Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері

Тыңайтқыштың әсер ету заттарының құрамы, %

Өлшем бірлігі

Субсидиялар нормасы, теңге/тонна, литр, килограмм

1

Аммиак селитрасы

N - 34,4

тонна

81 000

Б маркалы аммиак селитрасы

N - 34,4

2

Тазартылған күкірт қышқылды калий (калий сульфаты)

K2O-53, SO3- 45

тонна

190 000

Калий сульфаты (Кrista SOP)

K2O-52, SO3- 45

Калий сульфаты

K2O-51, SO3- 45

Калий сульфат агрохимикаты

K2O-52, SO3- 45

3

Монокалийфосфат агрохимикаты

P-52, K-34

тонна

499 000

Krista MKP тыңайтқышы (монокалий фосфаты)

P2O5-52, K20-34

Монокалий фосфат

P2O5-52, K20-34

4

Yara Liva ТМ Calcinit тыңайтқышы
(кальций нитраты)

N- 15,5, NH4-1,1, NO3-14,4, CaO-26,5

тонна

187 500

Yara Liva ТМ Calcinit
кальций нитраты

N- 15,5, NH4-1,1, NO3-14,4, CaO-26,5

Кальций нитраты

N-17; CaO-33

Кальций нитраты (кальций селитрасы), А маркасы

N-14,2; Ca-79

Концентрацияланған кальций нитраты

N-17; CaO-32

5

ДТТПА Fe маркалы "Хелатэм" микротыңайтқышы

Fe-16

килограмм

2 901

ДТПА Fe маркалы "Хелатэм" микротыңайтқышы

Fe-11

6

ДТПА Zn маркалы "Хелатэм" микротыңайтқышы

Zn-15

килограмм

2 008

7

ДТПА Mn маркалы "Хелатэм" микротыңайтқышы

Mn-13

килограмм

2 008

8

Аммофос

N-12, Р-52

тонна

120 000

9

YaraVita BORTRAC 150

N-4,7, B-11

литр

2 150

10

Күкірт қышқылды 7-сулы магний

MgO-16,4, S-12,9

тонна

169 643

Күкірт қышқылды 7-сулы магний (магний сульфаты)

MgO-16,7, S-13,3

Күкірт қышқылды 7-сулы магний (магний сульфаты)

Mg-16, S-13,3

Күкірт қышқылды магний (магний сульфаты)

MgO-29,1-29,8; S-23

11

Krista K Plus тыңайтқышы (калий нитраты)

N-13,5, NO3-13,5, K2O - 45,5

тонна

357 143

Калий нитраты

N-13,5, K2O -46

СХ маркалы техникалық калий селитрасы

N-13,5, K-37,6

12

Күкірт қышқылды 7-сулы магний

MgO-16,4; S-12,9

тонна

169 643

Күкірт қышқылды магний (магний сульфаты)

MgO - 29,1-29,8;
S-23


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады