Жер учаскесіне жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Железин ауданы Прииртышск ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 5 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Павлодар облысы Железин ауданы Прииртышск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қазақстан Республикасы көлік министрлігінің автомобиль жолдары комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі Павлодар облысы Железин ауданы Прииртышск ауылдық округінің Прииртышск ауылының аумағында орналасқан жалпы ауданы 0,0561 га, 5 жыл мерзімге жер учаскесіне "Баянауыл" шекара бөлімшесінің инженерлік байланыс желілерін төсеу үшін жария сервитут белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Прииртышск ауылдық округінің әкімі С. Нурмаканов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады