"Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 12/1 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65-бабына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 маусымдағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы № 486/6 қаулысымен бекітілген "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) келесі өзгерістер енгізілсін:

      Ереженің 16-тармағы 2-4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2-4) өз құзыреті шегінде өңірдегі әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру:

      -Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 199-бабы бойынша хаттамалар жасау;

      -Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 204-бабы бойынша хаттамалар жасау;

      -Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 455-бабы (бірінші бөлігі 1) 2), 4) тармақшалары екінші бөлігі және бесінші бөлігі) бойынша хаттамалар жасау;".

      2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі А. Бейсекин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады