Павлодар қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 03 сәуірдегі "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 474/1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 9 сәуірдегі № 661/1 қаулысы

      Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 03 сәуірдегі "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 474/1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 208975 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      16-тармақтың 15) тармақшасы 2-абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "- Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 455-бабы (бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөлігі) бойынша хаттама жасау;".

      2. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      осы қаулыны Павлодар қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласының әкімі Х. Хабылбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады