Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 02 маусымдағы "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 915/2 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 30 наурыздағы № 581/1 қаулысы

      Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 02 маусымдағы "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 915/2 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:

      "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:

      21-тармақ тармақшалармен толықтырылсын:

      "16) "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қарайтын құжаттарды құқықтық талдауға қатысады;

      17) қала құрылысы, жер және өзге де заңнамалық және құқықтық актілерге сәйкес Павлодар қаласының урбанистика жөніндегі кеңесіне енгізу үшін қажетті материалдарға заңдық талдау жүргізеді;

      18) жер және қала құрылысы мәселелері бойынша барлық сатыдағы сот органдарында "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді;

      19) "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері үшін "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша құқықтық жаппай оқыту жүргізеді.".

      2. "Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      осы қаулыны Павлодар қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. Д. Амановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласының әкімі Х. Хабылбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады