Павлодар облыстық мәслихатының 2024 жылғы 11 шілдедегі "Павлодар облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" № 134/14 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облыстық мәслихатының 2026 жылғы 26 наурыздағы № 258/29 шешімі

      Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар облыстық мәслихатының 2024 жылғы 11 шілдедегі "Павлодар облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" № 134/14 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларында:

      3-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) шағын архитектуралық нысандар – сәндік сипаттағы және практикалық пайдаланылатын объектілер (көрнекті тұлғаларды, маңызды тарихи оқиғаларды мәңгі есте қалдыру үшін орнатылатын монументалды өнер құрылыстарын қоспағанда мүсіндер, субұрқақтар, гүлдерге арналған вазалар, павильондар, беседкалар, орындықтар, урналар, балалар ойындары мен ересек тұрғындардың демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);";

      4-тармақтың 6-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) монументалды-сәндік өнер туындылары – көрнекті тұлғаларды, маңызды тарихи оқиғаларды мәңгі есте қалдыру үшін орнатылатын монументалды өнер құрылыстарын қоспағанда мүсіндер, стелалар, сәндік композициялар, обелисктер, монументалды кескіндеме туындылары;";

      3-тараудың 7-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Бау-бақша жиһаздарын, бау-бақша жабдықтарын және шағын сәулет нысандарын күтіп ұстау";

      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Бау-бақша жиһазы, бау-бақша жабдықтары және шағын сәулет нысандары, оның ішінде субұрқақтар, саябақ павильондары, беседкалар, көпірлер, қоршаулар, қақпалар, шатырлар, гүл құмыралары таза және жарамды күйде болады және өз мақсатына сәйкес жұмыс істеуі тиіс.";

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Қыс мезгілінде бау-бақша жиһазының элементтері, бау-бақша жабдықтары мен шағын архитектуралық формалар, сондай-ақ оларға жақындау қар мен мұздан тазартылады.";

      157-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "157. Көппәтерлі тұрғын үйлердің шатырларын қардан және мұздан тазартуды ұйымдастыруды, қар мен мұз өсуін жоюды мүлік иелері бірлестігінің төрағасы немесе тікелей бірлесіп басқару кезіндегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелері не кондоминиум объектілерін басқару субъектілері не көп пәтерлі тұрғын үйді басқарушы дербес немесе өз қаражаты есебінен мамандандырылған ұйымдарды тарту арқылы жүзеге асырады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың төрағасы И. Теренченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады