"Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі-Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасының 2026 жылғы 13 наурыздағы № 12 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережеде:

      13-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-2) өз құзыреті шегінде қоғамды хабардар ету мақсатында демографиялық өзгерістерді зерделеу;";

      14-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-2) жұмыста жасанды интеллект технологияларын пайдалану;";

      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларынан және (немесе) байланыс желілерін иеленушілерден абоненттер туралы иесі көрсетілмеген деректерді үшінші тұлғаларға бермей статистикалық қызметті жүзеге асыру үшін алу;";

      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде ресми статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес статистикалық жарияланымдарды қалыптастыруды және ресми статистикалық ақпаратты, сондай-ақ ұлттық санақ қорытындылары туралы ақпаратты таратуды, сонымен қатар цифрлық карталарда визуализациялауды қамтамасыз ету;";

      24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "24) Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында және "электрондық үкімет" веб-порталының ашық деректер интернет-порталында орналастыру арқылы пайдаланушылардың сапалы ресми статистикалық ақпаратқа, оның ішінде машинамен оқылатын деректер форматында және статистикалық әдіснамаға бір мезгілде қол жеткізуге тең құқықтарын қамтамасыз ету;";

      46-6) тармақша алып тасталсын;

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "16-1) мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің статистикалық қызметінің мемлекеттік органдардың статистикалық ақпаратты түзу процесін сипаттаудың үлгілік әдістемесінде бекітілген талаптарға сәйкестігіне талдау жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "19-1) мемлекеттік органдардың қолдануы үшін метадеректерді қалыптастырудың үлгілік әдістемесін әзірлеу және бекіту;";

      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "23-1) жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      28) тармақша алып тасталсын;

      50) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "50) мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық әдіснаманы келісу;";

      мынадай мазмұндағы 57-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "57-1) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің абоненттер туралы иесі көрсетілмеген деректерді үшінші тұлғаларға бермей статистикалық қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;";

      74) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 75-8), 75-9), 75-10), 75-11), 75-12), 75-13) және 75-14) тармақшалармен толықтырылсын:

      "75-8) мемлекет пен қоғамды демографиялық даму туралы ресми статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасындағы демографиялық үрдістер туралы статистикалық және (немесе) талдамалық ақпаратты қалыптастыруға құзыреті шегінде қатысу;

      75-9) жаңа технологияларды пайдалана отырып, демографиялық процестерге талдау және болжау жүргізу құзыреті шегінде қамтамасыз ету және үйлестіру;

      75-10) құзыреті шегінде статистикалық және (немесе) талдамалық ақпаратты, Қазақстан Республикасындағы демографиялық процестер туралы болжамдарды келісу;

      75-11) халықаралық стандарттар мен әдістерге сәйкес демографиялық процестерге талдау мен болжау жүргізу жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту;

      75-12) реттеушілік саясатты жетілдіру және жүйелі қауіп-қатерлерді анықтау мақсатында бастапқы статистикалық, әкімшілік және балама деректерді өңдеуді және талдау жүргізуді жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып қамтамасыз ету;

      75-13) реттеушілік әсер жүргізу, реттеушілік талаптар мәселелері, сондай-ақ оларда жасанды интеллект технологияларын қолдану бойынша қорытынды дайындау үшін талдамалық ақпаратпен қамтамасыз ету;

      75-14) реттеуші интеллектінің ақпараттық платформасын, оның ішінде жасанды интеллектіні қолдана отырып құру және дамыту бойынша жұмыстар жүргізуді қамтамасыз ету;";

      19-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Ұлттық статистика бюросы аумақтық бөлімшелерінің басшыларын және олардың орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) ведомстволық бағынысты ұйымның директорына, оның орынбасарларына және бас бухгалтерге үстемеақылар төлеуді белгілеуді келіседі;";

      21) тармақша алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Президентінің кеңесшісі- Стратегиялық
жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы
Ә. Ерғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады