"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 73-тармағына сәйкес, Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Науырзым ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.
2. "Науырзым ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Науырзым ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | М. Ихтиляпов |
| Әкімдіктің | |
| 2026 жылғы "___" ____________ | |
| № ____ қаулысына | |
| қосымша |
Науырзым ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№ | Орналсқан орны | Алатын алаңы (шаршы метр) | Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі | Жақынорналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері) ескерілген қызмет саласы |
1 | Науырзым ауданы, Қарамеңді ауылдық округі, Қарамеңді ауылы, Шақшақ Жәнібек көшесіндегі № 1 және 3 ғимараттардың арасындағы алаң | 120 | 5 жыл | Азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын сату, жақын орналасқан инфрақұрылым - "Айналайн" дүкені |
2 | Науырзым ауданы, Қарамеңді ауылдық округі, Жамбыл ауылы, Жамбыл көшесіндегі № 5 ғимаратқа қарама-қарсы алаң | 80 | 5 жыл | Азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын сату, жақын орналасқан инфрақұрылым жоқ |
3 | Науырзым ауданы, Буревестник ауылы, Абай көшесіндегі № 23 ғимаратқа қарама-қарсы алаң | 120 | 5 жыл | Азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын сату, жақын орналасқан инфрақұрылым - "Дуэт" дүкені |
4 | Науырзым ауданы, Раздольное ауылы, Мирная көшесіндегі № 8 ғимаратқа қарама-қарсы алаң | 100 | 5 жыл | Азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын сату, жақын орналасқан инфрақұрылым - "Ибраев Тургынбек Шаяхметович" жеке кәсіпкерінің дүкені |
5 | Науырзым ауданы, Өлеңді ауылы, Атамекен көшесіндегі № 2 ғимаратқа қарама-қарсы алаң | 80 | 5 жыл | Азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын сату, жақын орналасқан инфрақұрылым - "БЕС" (Сагитова Гульнара Шаймарданкызы) жеке кәсіпкерінің дүкені |
6 | Науырзым ауданы, Шолақсай ауылы, Центральный көшесіндегі № 2 ғимаратқа қарама-қарсы алаң | 120 | 5 жыл | Азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын сату, жақын орналасқан инфрақұрылым - "Яна" дүкені |
7 | Науырзым ауданы, Шилі ауылы, Исмурзин көшесіндегі № 9 ғимаратқа қарама-қарсы алаң | 100 | 5 жыл | Азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын сату, жақын орналасқан инфрақұрылым - "Есимжанова Падиша Шинтимировна" жеке кәсіпкерінің дүкені |
8 | Науырзым ауданы, Қожа ауылы, Шаяхметов көшесіндегі № 5 ғимаратқа қарама-қарсы алаң | 120 | 5 жыл | Азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын сату, жақын орналасқан инфрақұрылым- "Кошкарова Жанат Балтабековна" жеке кәсіпкерінің дүкені |
9 | Науырзым ауданы, Дәмді ауылдық округі, Дәмді ауылы, Қазыбек би көшесіндегі № 2 ғимаратқа қарама-қарсы алаң | 140 | 5 жыл | Азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын сату, жақын орналасқан инфрақұрылым - "Бауыржан" (Айдарбекова Латифа Махсутовна) жеке кәсіпкерінің дүкені |
10 | Науырзым ауданы, Дәмді ауылдық округі, Мереке ауылы, Школьная көшесіндегі № 8 ғимаратқа қарама-қарсы алаң | 100 | 5 жыл | Азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын сату, жақын орналасқан инфрақұрылым жоқ |
11 | Науырзым ауданы, Дәмді ауылдық округі, Қайғы ауылы, Болатбаев көшесіндегі № 3 ғимаратқа қарама-қарсы алаң | 80 | 5 жыл | Азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын сату, жақын орналасқан инфрақұрылым жоқ |
