"Төтенше жағдайға ден қою кезіндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды басқару және өзара іс-қимыл алгоритмін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі № 240-Ө және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 10 қазандағы № 445 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 14 шілдедегі № 132-Ө және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 25 маусымдағы № 243 бірлескен бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Төтенше жағдайға ден қою кезіндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды басқару және өзара іс-қимыл алгоритмін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі № 240-Ө және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 10 қазандағы № 445 бірлескен бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы бірлескен бұйрықтың қосымшасына сәйкес төтенше жағдайға ден қою кезіндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басқару және өзара іс-қимыл алгоритмі бекітілсін.";

      Жоғарыда көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген мемлекеттік органдар мен ұйымдардың төтенше жағдайға ден қою кезіндегі басқару және өзара іс-қимыл алгоритмі бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Жоғарыда аталған бірлескен бұйрықпен бекітілген төтенше жағдайларға ден қою кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басқару және өзара іс-қимыл жасау алгоритмінде:

      оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрінің
  2025 жылғы 15 қыркүйектегі
  № 240-Ө және Қазақстан
Республикасы Төтенше
жағдайлар министрінің
2025 жылғы 10 қазандағы
  № 445 бірлескен бұйрығына
қосымша";

      Төтенше жағдайға ден қою кезіндегі басқару және өзара іс-қимыл алгоритімінің, орман өртін оқшаулау және жою үшін қажетті күштер мен құралдардың есебіндегі:

      оң жақ жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Төтенше жағдайға ден қою
  кезіндегі мемлекеттік органдар
мен ұйымдарды басқару және
өзара іс-қимылы алгоритміне
1-қосымша";

      Төтенше жағдайға ден қою кезіндегі басқару және өзара іс-қимыл алгоритімінің, Төтенше жағдайға (табиғи өртке) ден қою кезіндегі іс-қимыл жоспарындағы:

      оң жақ жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Төтенше жағдайға ден қою
кезіндегі мемлекеттік органдар
  мен ұйымдарды басқару және
  өзара іс-қимылы алгоритміне
2-қосымша";

      Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген орман өрті туындаған кезде құлақтандыру схемасы осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      жоғарыда көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген орман жануы туындаған кезде қолданылу тәртібі осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жолдауды;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар осы бірлескен бұйрықта көрсетілген іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар, Төтенше жағдайлар вице-министрлеріне жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрі
______Е. Нысанбаев
      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
____________Ш. Әрінов

  Бірлескен бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрінің
2025 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 240-Ө және Қазақстан Республикасы Төтенше
  жағдайлар министрінің
2025 жылғы 10 қазандағы
№ 445 бірлескен бұйрығына
қосымша

Төтенше жағдайға ден қою кезіндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды басқару және олардың өзара іс-қимылы алгоритмін бекіту туралы

Кезең

ЭТРМ

ТЖМ

ЖАО

Басқа мемлекеттік органдар

Күнделікті
қызмет
режимі

1. Орман өрттерінің алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
2. Орман өрттерін болжау;
3. Ормандарды табиғи өрттен қорғау туралы ақпаратты жинау, өңдеу және бөлісу;
4. Басқару органдары мен күштердің іс-қимылдарын жоспарлау, табиғи өрттерге ден қою кезінде олардың қызметін дайындау мен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
5. Орман өрттерін сөндіру бойынша іс-қимыл жоспарларын әзірлеу;
6. Орман өрттерін сөндіруге ден қою жөніндегі уәкілетті органдармен оқу-жаттығулар өткізу және оған қатысу;
7. Орман өрттерін және олардың салдарын сөндіру үшін материалдық ресурстардың резервтерін құру, орналастыру, сақтау және толықтыру.

1. Ормандарды табиғи өрттен қорғау туралы ақпаратты жинау, өңдеу және бөлісу;
2. Жергілікті атқарушы органдардың орман өрттерін жою жөніндегі өзара іс-қимыл жоспарларын келісу.
3. Өз өкілеттіктері шегінде азаматтық қорғау саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу.
4. Табиғи өрттерді сөндіруге ден қою жөніндегі уәкілетті органдармен оқу-жаттығу өткізу және оған қатысу.

1. Ормандарды табиғи өрттен қорғау туралы ақпаратты жинау, өңдеу және бөлісу.
2. Орман өрттерін жою бойынша өзара іс-қимыл жоспарларын әзірлеу.
3. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға ден қою жөніндегі уәкілетті органдармен оқу-жаттығулар өткізу.
4. Орман өрттері кезінде халықты эвакуациялауды ұйымдастыру және жоспарлау.
5. Орман өрттерін және олардың салдарын сөндіру үшін материалдық ресурстардың резервтерін құру, орналастыру, сақтау және толықтыру.

(ЖИЦДМ)
1. Мchs.gharysh.kz геоақпараттық порталдың үздіксіз жедел жұмысын қамтамасыз ету;
2. Мchs.gharysh.kz геоақпараттық портал арқылы термалды нүктелерді күнделікті ұсынуды қамтамасыз ету.
(ІІМ)
1. Орман өрттерін жою кезінде қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі іс-қимылдарға күштер мен құралдарды дайындау, бірлескен оқу-жаттығулар өткізуге қатысу.
(Қорғанысмині)
1. Бірлескен командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізуге, орман өрттерін жою жөніндегі іс-қимылдарға күштер мен құралдарды дайындауға қатысу.
(ДСМ)
1. Бірлескен командалық-штабтық оқу-жаттығуларды өткізуге қатысу, медициналық топтарды, дәрілік заттар қорын қалыптастыру.

Жоғары сыныпты өрт қауіптілігі басталған кезде (4-5)

1.Халық пен ұйымдардың орман алқаптарына кіруін шектеу;
2. Өрттерді ерте анықтау және бақылау мұнаралары жүйесі арқылы мемлекеттік орман қоры аумағындағы өрт ахуалын бақылау;
3.Авиациялық және ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдануды қоса алғанда, патрульдеу жиілігін арттыру;
4.Ықтимал өрттерге ден қою жоспарларын пысықтау;
5.Ағымдағы ауа райы жағдайлары (өрт қауіптілік сыныбы) негізінде өрттердің ықтимал туындауының күнделікті болжамын әзірлеу;
6. Қалыптасқан жедел ахуалға сүйене отырып, ҚҒС-ға төтенше жағдай аймақтарын (орман және дала өрттері) шұғыл ғарыштық түсірілімге қағаз жеткізгіштегі ғарыштық түсірілімге өтінім жолдайды;
7. Жұмыста forest.gharysh.kz геоақпараттық порталында орналасқан координаттары, ең жақын елді мекен, ең жақын өрт сөндіру бөлімі және тәуекел дәрежесі көрсетілген жылу нүктелері бойынша ақпаратты пайдалану.
8. ҚР ЭТРМ ОШЖДК "Қазгидромет" РМК мен бірлесіп күн сайын mchs.gharysh.kz және forest.gharysh.kz геоақпараттық порталдармен интеграциялау жолымен "өрт қауіптілігі дәрежесі" және "өрт қауіптілігі сыныбы" картасын ұсынады/жүктейді.
9. "Қазгидромет" РМК mchs.gharysh.kz және forest.gharysh.kz геоақпараттық порталдарға жүктеу арқылы күнделікті негізде метеодеректерді (температура, желдің жылдамдығы және т.б.) қамтамасыз етеді.

1. ЭТРМ және ЖАО келісімі бойынша механикаландырылған барлаудың уақытша кезекшілік және техниканы қою орындарын айқындау;
2. Облыстық, өңіраралық, трансшекаралық сипаттағы күштер мен құралдар топтамаларының құрамын (жеке құрам және жүріп өту мүмкіндігі жоғары өрт техникасының санын) айқындау;
3. Өзара іс-қимыл шеңберінде орман және табиғатты қорғау ұйымдарымен мерзімді байланыс сеанстарын өткізу.
4. Өртке қарсы қызмет гарнизондарының күштері мен құралдарын топтастырудың жеке құрамы үшін мүлікті, тамақ өнімдерін және ЖЖМ дайындау;
5. Қалыптасқан жедел ахуалға сүйене отырып ҚҒС төтенше жағдай аймақтарын шұғыл ғарыштық түсірілімге (орман және дала өрттері) электрондық өтінімді mchs.gharysh.kz геоақпараттық портал арқылы жолдайды.
6. Жұмыста mchs.gharysh.kz геоақпараттық порталда орналасқан координаттары, ең жақын елді мекен, ең жақын өрт сөндіру бөлімі және тәуекел дәрежесі көрсетілген жылу нүктелері бойынша ақпаратты пайдалану.

1. Халық пен ұйымдардың орман алқаптарына кіруін шектеу;
2. Өрттерді ерте анықтау және бақылау мұнаралары жүйесі арқылы мемлекеттік орман қоры аумағындағы өрт ахуалын бақылау;
3. Авиациялық және ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдануды қоса алғанда, патрульдеу жиілігін арттыру;
4. Ықтимал өрттерге ден қою жоспарларын пысықтау;
5. Жануға ден қою үшін штаттық және штаттан тыс қызметкерлерді ұлғайту;
6. Ағымдағы ауа райы жағдайлары (өрт қауіптілік сыныбы) негізінде өрттердің ықтимал туындауының күнделікті болжамын әзірлеу;
7. Өрт қауіптілігінің 4-сыныбының іс-қимыл кезеңіне тәулігіне кемінде екі рет ТЖМ ЖжЖБО аумақтық органдармен радио, телефон, өзге де байланыс құралдары бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
8. Табиғи өрттердi сөндiру үшiн жанар-жағармай резервiн, сондай-ақ орман өрттерін сөндіру үшін әуе кемелерін тартқан жағдайда авиациялық отын резервін және тамақ өнімдерінің қорын құру;
9.Ерікті өртке қарсы құралымдардың оларды тартқан жағдайда олардың дайындығын тексеру;
10. Қалыптасқан жедел ахуалға сүйене отырып, ҚҒС төтенше жағдай аймақтарын (орман және дала өрттері) шұғыл ғарыштық түсірілімге қағаз жеткізгіштегі ғарыштық түсірілімге өтінім жолдайды;
11. КҒС геоақпараттық порталдарында орналасқан координаттарын, жақын елді мекен, жақын өрт сөндіру бөлімін және тәуекел дәрежесін көрсете отырып, жылу нүктелері бойынша ақпарат жұмыста пайдаланылады.

(ДСМ)
1. Дәрілік заттардың қорын құру;
(КМ)
1. Халықты эвакуациялау үшін көлік резервін айқындау;
2. Өрт сөндіруге тартылған жағдайда өрт сөндіру пойыздарын тұрақты дайындықта ұстау.
(ЖИЦДМ)
1. mchs.gharysh.kz және forest.gharysh.kz геоақпараттық порталдардың үздіксіз жедел жұмысы мен mchs.gharysh.kz және forest.gharysh.kz геоақпараттық порталдарда жариялау арқылы термалды нүктелерді ЭТРМ "Қазавиаоранқорғау" РМҚК, ТЖМ СЖЖБО мен аумақтық органдарының республикалық диспетчерлік қызметіне тәулігіне 8 рет кезеңділікпен біртіндеп 15 есеге дейін ұлғайта отырып ұсынуды қамтамасыз ету, термалды нүктелерді жариялау мүдделі аймақтарды ғарыштық түсірілімнен және ЖҚЗ деректерін өңдеуден кейін 2-4 сағаттан (уақытты біртіндеп азайта отырып) аспауға тиіс.
2. Mchs.gharysh. геоақпараттық порталында жылу нүктелерін күнделікті жаңартуды қамтамасыз ету;
3. "Қазақстан Ғарыш Сапары" АҚ (бұдан әрі - ҚҒС) ұсынылған өтінімге сәйкес (mchs.gharysh және / немесе қағаз тасығыштың геоақпараттық порталы арқылы), ТЖМ, ЭТРМ және ЖАО-ға "Miseo" және "Atlas" бағдарламалық қамтамасыз етуіне түсірілімнің жұмыс жоспарын бағдарламалау процесіне байланысты жоғары және/немесе орташа ажыратымдылықтағы түсірілімді жүргізудің техникалық мүмкіндігі (түсірілімнің таяудағы күндерін көрсетеді) және ғарыштық түсірілімді өңдеу уақыты 2-4 сағаттан аспайтыны туралы хабарлайды.
4. ҚҒС ұсынған өтінімге сәйкес ЖҚЗ ғарыш аппараттарынан ғарыштық суреттерді жоспарлауды, түсірілімді және қабылдауды (mchs.gharysh.kz геоақпараттық порталы және/немесе қағаз жеткізгіш арқылы) қамтамасыз етеді;
5.ҚҒС mchs.gharysh.kz геоақпараттық портал және/немесе мессенджер (жеделхат арна) арқылы жаңа өрт ошақтары туралы ТЖМ, ЭТРМ және аумақтық тиесілігі бойынша ЖАО-ны хабардар етеді.
6. ҚҒС mchs.gharysh.kz және forest.gharysh.kz геоақпараттық порталдарда жүктеу арқылы күнделікті негізде "Қазгидромет" РМК-дан алынған метеодеректерді (температура, желдің жылдамдығы және т.б.) ұсынады.

Өрт
анықталған кезде

1. Аумағында өрт болған ЭТРМ ведомстволық бағынысты табиғатты қорғау ұйымының кезекші персоналын (орман өрт станциясының жұмыскерлері, мемлекеттік инспекторлардың мобильдік тобы) жану орнына жіберу;
2. ТЖМ, "Қазавиақорғау" РМҚК, ЖАО бөлімшелеріне хабар беру;
3. Орман өртін сөндіруге жалпы басшылықты ЭТРМ ведомстволық бағынысты табиғат қорғау ұйымының аға лауазымды адамы жүзеге асырады:
- өртке барлау жүргізуді (оның ішінде "Қазавиаорманқорғау" РМҚК және ҰҰА әуе бортын тарта отырып);
- өрттің шығу орны мен болжамды ауданын анықтау;
- №1 қосымшаға сәйкес өртті сөндіруге қажетті күштер мен құралдардың санын анықтауды (ТЖМ, Қорғанысмині, ҰҚК авиациялық қызметі, ІІМ су төгетін құрылғылары бар күштер мен құралдар мен әуе борттарын сұрауды);
- елді мекендер мен экономика объектілеріне қатерлерді;
- орман өртінің дамуын болжау (бағыты, жылдамдығы) жүзеге асырады
4. Өртті сөндіруге "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның қорғалатын аумағында су төгетін құрылғылары бар авиациялық кемелерін тарту;
5. ЖАО авиациялық бөлімшелерінің әуе борттарын тарту;
6. Тартылған күштер мен құралдар арасындағы байланыс пен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
7. Өрт сөндіру мақсаттарына арналған қолда бар техниканы (соқасы бар трактор, су тасушы, су таратқыш) жинауды және дайындауды қамтамасыз ету;
8. РДҚ жауапты кезекшілері forest.gharysh.kz геоақпараттық порталға қосылады, тиісті шараларды қабылдау үшін (қажет болған жағдайда) өзгерістерді тіркейді және ақпаратты ЭТРМ тиісті орман шаруашылығы мекемелеріне береді;
9. Жауапты қызметкерлер камералардың, көзбен шолып анықтау құралдары, халықтың жолданымдары бойынша жергілікті жердегі өрт ошақтарын анықтаған кезде не өзге де тәсілдермен оқиғаны forest.gharysh.kz геоақпараттық порталда тіркейді, сондай-ақ байланыс құралдарының көмегімен төтенше жағдайдың туындау фактісі туралы ҚҒС хабарлайды.

1.Жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімшесінен кезекші қарауылды өрт орнына жіберу. Бұл ретте міндетті түрде шығу кестесіне немесе күштер мен құралдарды тарту жоспарына сәйкес күзетілетін елді мекенді (бөлімшенің шығу ауданы) қорғау қамтамасыз етілуге тиіс. Өрт бір мезгілде бірнеше орманшылықтың аумағында туындаған жағдайда, ЭТРМ (ЖАО) келісімі бойынша гарнизонның жақын маңдағы аудандық бөлімшелерінен күштер мен құралдарды дайындау және жіберу жүзеге асырылады, бірақ әрбір аудандық бөлімшеден 1 (бір) авто цистернадан аспайды;
2. Ахуал асқынып кеткен жағдайда өртке қарсы қызмет гарнизоны бөлімшелерінен қосымша күштер мен құралдарды дайындау және жіберу (ЭТРМ мен ЖАО-ның сұрауы бойынша, сондай-ақ ахуалдың ықтимал асқынуы туралы жағдайды аналитикалық болжау нәтижелері бойынша);
3. ӨСЖ сұрау салуы бойынша өртті сөндіруге "Қазавиақұтқару" АҚ әуе бортына өкім дайындау және жолдау, сондай-ақ ЖАО, Қорғанысмині, ҰҚК Авиациялық қызметі, ІІМ авиа бөлімшелерінің әуе бортын тарту;
4. Өңірде ТЖМ және ЭТРМ су төгетін құрылғылары бар әуе борттары болмаған кезде, орман өртін сөндіруге су төгетін құрылғылары бар әуе борттарын, әскери қызметшілер мен инженерлік техниканы тартуға Қорғанысмині басшылығына өтінім жолдау;
5. Жақын аумақтық органдардың күштері мен құралдарын топтастыруды дайындау;
6. Тартылған күштер мен құралдар арасындағы байланыс пен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
7. КШМ дайындау және ӨСЖ-нің сұрау салуы бойынша өрт орнына жолдау (ҰҰА-ның болуын қамтамасыз ету);
8. ТЖ департаменттерінің жауапты кезекші қызметкерлері mchs.gharysh.kz геоақпараттық порталға қосылады, тиісті шараларды қабылдау үшін (қажет болған жағдайда) өзгерістерді тіркейді және ақпаратты тиісті аудандық бөлімшелерге береді;
9. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың ТЖД аумақтық органдардың ЖЖБО-ның жедел кезекшілері камералардың, көзбен шолып анықтау құралдары, халықтың жолданымдары бойынша жергілікті жердегі өрт ошақтарын анықтаған кезде не өзге де тәсілдермен оқиғаны геоақпараттық порталда болған туралы ақпараттың дұрыстығын тексереді mchs.gharysh.kz немесе "Dangers" мобильді қосымшасы арқылы тіркейді, сондай-ақ байланыс құралдары арқылы төтенше жағдайдың туындау фактісі туралы ұлттық операторға хабарлайды.

1. Аумағында өрт болған ЖАО ведомстволық бағынысты орман мекемесінің кезекші персоналын (орман өрт станциясының жұмыскерлері, орман күзетінің мобильді тобы) жану орнына жіберу;
2. ТЖМ, "Қазавиаорманқорғау" РМҚК, ЭТРМ бөлімшелеріне хабар беру;
3. Орман өртін сөндіруге жалпы басшылықты ЖАО ведомстволық бағынысты орман мекемесінің аға лауазымды адамы:
- өртке барлау жүргізуді (оның ішінде ҰҰА және "Қазавиаорманқорғау" РМҚК әуе бортын тарта отырып);
- өрттің шығу орны мен ауданын анықтауды;
- №1-қосымшаға сәйкес өртті сөндіруге қажетті күштер мен құралдардың санын анықтауды (ТЖМ, Қорғанысмині, ҰҚК авиациялық қызметі, ІІМ су төгетін құрылғылары бар күштер мен құралдар мен әуе борттарын сұрауды);
- елді мекендер мен экономика объектілеріне қатерлерді;
- орман өртінің өршуін болжауды (бағыты, жылдамдығы) жүзеге асырады;
4. Өртті сөндіруге "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның қорғалатын аумағында су төгетін құрылғылары бар авиациялық кемелерін тарту;
5. ЖАО авиациялық бөлімшелерінің әуе борттарын, оның ішінде ЕҚТА аумағында тарту;
6. Өрт сөндіру мақсаттарына арналған қолда бар техниканы (соқасы бар трактор, су тасушы, су таратқыш), сондай-ақ қажет болған жағдайда халықты ТЖ аймағынан эвакуациялау үшін автобустарды жинауды және дайындауды қамтамасыз ету. Аспалы өрт сөндіргіштерін дайындау;
7. Тартылған күштер мен құралдар арасындағы байланыс пен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
8. Жауапты кезекші қызметкерлер ҚҒС геоақпараттық порталдарына қосылады, өзгерістерді тіркейді және тиісті шаралар қабылдау үшін (қажет болған жағдайда) ақпаратты ЖАО УПР-нің тиісті орман шаруашылығы мекемелеріне береді.
9. Жауапты қызметкерлер камералардың, көзбен шолып анықтау құралдары, халықтың жолданымдары бойынша жергілікті жерде өрт ошақтарын анықтаған кезде не өзге де тәсілдермен оқиғаны ҚҒС геоақпараттық порталдарында тіркейді, сондай-ақ байланыс құралдарының көмегімен төтенше жағдайдың туындау фактісі туралы ҚҒС хабар береді.

(ЖИЦДМ)
1. mchs.gharysh.kz және forest.gharysh.kz геоақпараттық портал арқылы жоғары және орташа ажыратымдылықтағы түсірілімдерді ЭТРМ "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның және ТЖМ СЖЖБО мен аумақтық органдарының республикалық диспетчерлік қызметіне ұсыну және ТЖМ, ЭТРМ мен олардың аумақтық органдарының жұмысы үшін қажетті кеңістіктік деректерді уақтылы жүктеу (жылу нүктелерінің, өрт сөндіру бөлімдері мен станцияларының, әуе және доңғалақты көліктің су жинау орындарының, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың шекараларының орналасқан орнының сипаттамасын қамтитын деректер).
2 ҚҒС mchs.gharysh.kz. геоақпараттық портал арқылы (архивтік және жаңа ғарыштық түсірілімдер, ТЖ аумағына векторлық қабаттар: термалды нүктелер; өртенген аумақтардың алаңдары; тұрғындар саны көрсетілген елді мекендер; өрт сөндіру бөлімдері; гидротехникалық құрылысжайлар; аудандық, облыстық, республикалық маңызы бар автомобиль жолдары; су айдындары (өзендер, көлдер, су қоймалары); орман алқаптарының шекаралары; ерекше қорғалатын табиғи аумақтары; Апаттар медицинасы орталығы; қауіпті өндірістік объектілер; эвакуациялық пункттер; құтқару жасақтары, аудандардың, облыстардың шекараларының және т. б. деректерді ұсынады.
3. ҚҒС өрт кезінде отандық және шетелдік ғарыш аппараттарымен қайта түсірілімді және mchs.gharysh.kz геоақпараттық порталда деректерді жүктеуді ұйымдастырады.
4. ҚҒС mchs.gharysh.kz геоақпараттық порталда өрттің кезеңі мен ауданы бойынша ақпараты бар өртенген аумақтардың геодерекқорын құрады (ҚҒС ғарыштық түсірілімдер негізінде ТЖ салдарын картаға түсірілімді жүргізеді).";
(Қорғанысмині)
1. Халықты эвакуациялау үшін көлікті әзірлікке келтіру;
2. Өрт сөндіруге тартылған жағдайда өрт сөндіру пойыздарын әзірлікке келтіру.
(ІІМ)
1. Қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлерін және қызметтік автомашинаны табиғи өрт орнына жіберу.
(ДСМ)
1. Зардап шеккендерге медициналық және психологиялық көмек көрсетуге жақын маңдағы бригадаларды әзірлікке келтіру.
(Қорғанысмині)
1. Өңірдегі ТЖМ және ЭТРМ су төгетін құрылғылары бар әуе борттары болмаған кезде орман өртін сөндіруге су төгетін құрылғылары бар әуе борттарын, әскери қызметшілер мен инженерлік техниканы жіберу. (ТЖМ және ЖАО басшыларының өтінімі).

Өрт ірі аумаққа дейін тараған кезінде

Тартылып отырған күштер мен құралдарға қарамастан, мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамы орман өртін сөндіру жөніндегі басшылықты (ӨСБ) жүзеге асырады.
1. ТЖМ бөлімшелері, жергілікті атқарушы және басқа да мемлекеттік органдар тартылған жағдайда өртті сөндіру жөніндегі жедел штабты өрістету;
2. Өрт жағдайына барлау және бағалау жүргізу;
3. Ұрыс учаскелерінің басшыларын тағайындау;
4. Өрттегі жеке құрамның еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы шараларын қамтамасыз ету;
5. Ұрыс учаскелері бойынша күштер мен құралдарға қажеттілікті айқындау;
6. Қажетті ақпаратты жедел штабқа беру;
7. Өрт орнына жақын маңдағы облыстарды қоса алғанда орман мекемелерінен қызметкерлер мен техниканы жіберу;
8. Өртті сөндіруге су төгетін құрылғылары бар "Қазавиорманқорғау" РМҚК авиациямен қорғалатын аумақта әуе кемелерін тарту;
9. Өртті сөндіруге тартылған ТЖМ және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қамтамасыз ету;
10. ҚР ТЖМ СЖЖБО (РДҚ және ҚҒС) төтенше жағдайлар аймақтарының ғарыштық түсірілімін сұрату және өрттің модельдеуін талдау;
11. Қажетті шартты белгілерді көрсете отырып, карталар мен сызбаларды дайындау;
12. Учаскелер мен өрттің хронологиясын жоюда іс-қимылдардың хронологиясын жүргізу.

Жедел штаб жұмысына ТЖМ (ТЖД) лауазымы жоғары өкілі басшылық етеді және ол бір уақытта өртті сөндіруді басқару бастығының (ӨСБ) орынбасары болып табылады.
Жедел штаб жұмысы ӨСБ-ның бұйрықтары мен нұсқауларына сәйкес жүзеге асырылады.
1. ПӘ, ҚК, ҮА, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды құлақтандыру;
2. Өрт ахуалы туралы мәліметтерді жинау, өңдеу және талдау, оның өршуін болжау, қажетті ақпаратты СЖЖБО жолдау;
3. Өрт орнындағы жедел штабта мемлекеттік органдардың аумақтық органдар өкілдерін жинау және олармен өзара іс-қимыл жасау;
4. Есеп жүргізу (жеке құрам, техника, жабдықтар, құрал-саймандар саны) және күштер мен құралдарға қажеттілікті анықтап, ӨСБ-ге тиісті ұсыныстар дайындау;
5. Ұзақ мерзімді өрт кезінде күштер мен құралдар резервін құру, жергілікті атқарушы органдардың есебінен тамақ қабылдауды және демалыс орындарын ұйымдастыру.
6. Күштер мен құралдарды жақын аумақтық органдардан (облыстардан) жіберу;
7. Өрттегі ТЖМ бөлімшелерінің жеке құрамының еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету және өртті сөндіру бойынша іс-қимылдарды жүргізу;
8. Мамандандырылған немесе бейімделген техникамен табиғи өрт орнына су жеткізу бойынша ЖАО-мен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
9. ҚР ТЖМ СЖЖБО – дан (РДҚ және ҚҒС) төтенше жағдайлар аймақтарының ғарыштық түсірілімін сұрату және өрттің модельдеуін талдау;
10. Қажетті шартты белгілерді көрсете отырып, карталар мен сызбаларды дайындау;
11. Учаскелер мен өрттің хронологиясын жоюда іс-қимылдардың хронологиясын жүргізу.
12. Орман өртін сөндіруге су төгетін құрылғылары бар әуе кемелерін, әскери қызметкерлер мен инженерлік техниканы тарту жөнінде Қорғанысминіне өтінім жолдау;
13. Ірі табиғи өрт жағдайында көршілес мемлекеттердің ТЖМ кезекші-диспетчерлік қызметтеріне (өрттің шекарадан өту қаупі туындаса) хабар беру;
14. ТЖ туындаған жағдайда (ірі өрт) төтенше жағдай аймағын ғарыштық түсірілімге арналған электрондық өтінімді mchs.gharysh.kz геоақпараттық порталы арқылы жолдауға жауапты тұлғаны айқындау;
15. Сөндіруге қатысушылар үшін АҚ әскери бөлімдерінің күшімен шатырлы лагерлерді орналастыру;
16. Қауырт желінің жұмысын ұйымдастыру;
17. ТЖМ жедел тобы мен мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерін ТЖМ СЖЖБО-ның ахуалдық залына шақырып, жинау және құлақтандыру;
18. ӨСБ сұранысы бойынша өрт орнына КШМ-ді жіберу (ҰҰА болуын қамтамасыз ету);
19. Қойылған міндеттердің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету.

Тартылып отырған күштер мен құралдарға қарамастан, мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамы орман өртін сөндіру жөніндегі басшылықты (ӨСБ) жүзеге асырады.
1. ТЖМ бөлімшелері, жергілікті атқарушы және басқа да мемлекеттік органдар тартылған жағдайда өртті сөндіру жөніндегі жедел штабты өрістету;
2. Өрт жағдайына барлау және бағалау жүргізу;
3. Ұрыс учаскелерінің басшыларын тағайындау;
4. Өрттегі жеке құрамның еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы шараларын қамтамасыз ету;
5. Ұрыс учаскелері бойынша күштер мен құралдарға қажеттілікті айқындау;
6. Қажетті ақпаратты жедел штабқа беру;
7. Өрт орнына жақын маңдағы облыстарды қоса алғанда орман мекемелерінен қызметкерлер мен техниканы жіберу;
8. Өртті сөндіруге су төгетін құрылғылары бар "Қазавиорманқорғау" РМҚК авиациямен қорғалатын аумақта әуе кемелерін тарту;
9. Табиғи өрт орнына арнайы немесе бейімделген техникамен су жеткізуді уақтылы ұйымдастыру;
10. Өртті сөндіруге су төгетін құрылғылары бар әуе борттарын тарту;
11. ҚР ТЖМ СЖЖБО (РДҚ және ҚҒС) төтенше жағдайлар аймақтарының ғарыштық түсірілімін сұрату және өрттің модельдеуін талдау;
12. Өртті сөндіруге қатысатын күштер мен құралдарды жанар-жағармай материалдарымен және тамақпен қамтамасыз ету;
13. Қажетті шартты белгілерді көрсете отырып, карталар мен сызбаларды дайындау;
14. Учаскелер мен өрттің хронологиясын жоюда іс-қимылдардың хронологиясын жүргізу.
15. Волонтерлер ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктерді тарту;
16. Зардап шеккендерді уақытша орналастыру пункттерін дайындау;
17. Ұзаққа созылған өрттер кезінде елді мекендерге жақын жерде орналасқан өрт сөндірушілерге монша және кір жуу жағдайларын қамтамасыз ету мәселесін пысықтау;
18. Зардап шеккендерге медициналық және психологиялық көмек көрсету үшін жақын маңдағы бригадаларды жіберу;
19. Қауырт желі қызметінің жұмысын ұйымдастыру.

(ІІМ)
1. Қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету үшін табиғи өрт орнында күштер мен құралдар топтамасын ұлғайту.
(Қорғанысмині)
Су төгетін құрылғылары бар әуе борттарын, әскери қызметшілер мен инженерлік техниканы орман өртін сөндіруге жіберу (ТЖМ және ЖАО басшыларының өтінімі).
(ҰҚК авиациялық қызметі)
1. Су төгетін құрылғылары бар әуе кемелерін (ТЖМ өтініші бойынша ҰҚК Авиация қызметінің жедел-кезекшілік қызметі арқылы) жіберу.
(ҰҰ)
Су төгетін құрылғылары бар әуе борттарын, оны сөндіру үшін ірі өрт шыққан ауданның әскери қызметшілерін (жедел басқару орталығы арқылы өтінім бойынша) жіберу және әскери қызметшілердің жеке құрамын, отбасы мүшелерін және басқа да адамдарды эвакуациялауды ұйымдастыру.
(КМ)
1. Өртті сөндіру және өрт сөндіргіш заттарды жеткізу үшін "ҚТЖ" ҰК" АҚ командасымен бірге өрт сөндіру поезын табиғи өрт орнына (ӨСЖ сұрауы бойынша) жіберу.
(ЖИЦДМ)
1. Байланыс пен мобильді интернетті қамтамасыз ету үшін мобильді операторларының базалық станциясын өрістету үшін байланыс операторларын тартуды қамтамасыз ету.
(ДСМ)
1. Зардап шеккендерге медициналық және психологиялық көмек көрсету үшін жақын маңдағы бригадаларды жіберу.
(МАМ)
1. Бұқаралық ақпарат құралдарында жедел ахуалды жариялау бойынша жұмысты ұйымдастыру (материалдарды уәкілетті органдармен келісу);
2. Жедел штаб құрамына министрліктің өкілін енгізу.

Елді мекендерге, елді мекендерден тыс әскери объектілерге (әскери бөлімдерге) қатер төнген кезде

1. Өрттің өршуін есепке ала отырып, қатер төніп тұрған елді мекендердің, балалар лагерлері мен демалыс аймақтарының санын анықтау, оларды қорғау жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарына қатысу;
2. Елді мекендерді қорғау үшін күштер мен құралдар бағыты бойынша ұсыныстар енгізу;
3. Өрттің орман аймағынан қоныстану аумағына өтуіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау.

1. Өрттің өршуін есепке ала отырып, қатер төніп тұрған елді мекендердің, балалар лагерлері мен демалыс аймақтарының санын анықтау, оларды қорғау жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарына қатысу;
2.Елді мекендерді, балалар лагерлерін және демалыс аймақтарын өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ету үшін өрт техникасы мен жеке құрамды алдын ала көрсету;
3. Эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру;
4. Құлақтандыру жүйесінің техникалық құралдарын (электр сиреналары, сиреналық-сөйлеу құрылғылары) іске қосу, ұялы байланыс операторларының желілері бойынша мәтіндік хабарламаларды халықтың ұялы телефондарына, оның ішінде Cell Broadcast технологиясы арқылы беру жолымен халыққа бұқаралық ақпарат құралдары, ресми интернет-ресурстар және әлеуметтік желілердің аккаунттарынан хабар беру.
5. ТЖМ СЖЖБО ахуалдық залында ТЖМ жедел тобының және мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің жұмысын ұйымдастыру;
6. Әскери объектінің (әскери бөлімнің) маңында өрт қаупі төнген кезде Қорғанысмині (ҚР ҚК БШ ҰҚБО арқылы), ҰҚК құлақтандыру.

1. Өрттің өршуін есепке ала отырып, қатер төніп тұрған елді мекендердің, балалар лагерлері мен демалыс аймақтарының санын анықтау, оларды қорғау жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарына қатысу;
2. Өрттің орман аймағынан қоныстану аумағына өтуіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау.
3. Қалыптасқан ахуал мен іс-қимыл тәртібі туралы халықты құлақтандыру және хабар беру;
4. Өрттің орман аймағынан қоныстану аумағына өтуіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау.
5. Халықтың тыныс-тіршілігі үшін жағдай жасай отырып, зардап шеккендерді уақытша орналастыруды ұйымдастыру және өрістету;
6. Мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін құлақтандыру және жинау, эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру;
7. ІІМ қызметкерлерінің сүйемелдеуімен ТЖ аймағынан халықты эвакуациялау үшін автобустарды тарту;
8. Жақын маңдағы медициналық мекемелерде зардап шеккен халық үшін төсек-орын жасау, зардап шеккендерді уақытша орналастыру пункттерінде санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды қамтамасыз ету

(ДСМ)
1. Жақын маңдағы медициналық мекемелерде зардап шеккен халық үшін төсек-орын жасауды үйлестіру, зардап шеккендерді уақытша орналастыру пункттерінде санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды қамтамасыз ету.
(АШМ)
1. Ауыл шаруашылығы жануарлары мен өсімдіктерін қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және орындау.
(КМ)
1. Халықты эвакуациялау үшін көлікті жіберу.
(ІІМ)
1. Дауыс зорайтқыш құрылғылар патрульдік автомобильдер арқылы халықты құлақтандыруды ұйымдастыру;
2. Эвакуацияланатын халықтың объектілері мен тұрғын үйлерін қоғамдық тәртіп пен қорғауды қамтамасыз ету.
(МАМ)
1. Бұқаралық ақпарат құралдарында жедел ахуалды жариялау бойынша
жұмысты ұйымдастыру (материалдарды уәкілетті органдармен келісу).
(Қорғанысмині)
1. Су төгетін құрылғылары бар әуе борттарын, әскери қызметшілер мен инженерлік техниканы орман өртін сөндіруге жіберу (ТЖМ және ЖАО басшыларының өтінімі);
2. Ірі өрттің туындау ауданында (жанында) орналасқан әскери бөлімдер мен әскери басқару органдарының әскери объектілерінде және орналасқан пункттерінде өрттерді жою үшін тағайындалған күштер мен құралдарды әзірлікке келтіру және әскери қызметшілердің жеке құрамын, отбасы мүшелерін және басқа да адамдарды эвакуациялауды ұйымдастыру.
(ҰҚК Авиациялық қызметі)
1.Су төгетін құрылғылары бар әуе кемелерін (ТЖМ өтініші бойынша ҰҚК Авиация қызметінің жедел-кезекшілік қызметі арқылы) жіберу.
(ҰҰ)
1.Су төгетін құрылғылары бар әуе борттарын, ірі өрт туындаған ауданның әскери қызметшілерін өртті сөндіру үшін (жедел басқару орталығы арқылы өтінім бойынша) жіберу және әскери қызметшілердің жеке құрамын, отбасы мүшелерін және басқа да адамдарды эвакуациялауды ұйымдастыру.

ТЖ режимі жарияланған кезде

1. ЭТРМ ведомстволық бағынысты табиғат қорғау ұйымының аумағында табиғи өртті сөндіруге жалпы басшылықты қамтамасыз ету.

1. Қажет болған жағдайда жақын аумақтық органдардың қосымша күштері мен құралдарын жіберу;
2. Жаһандық (өңірлік) ауқымдағы төтенше жағдайды жариялау және төтенше жағдайды жою басшысын тағайындау туралы өкімнің жобасын дайындау;
3. Ахуалдың күрделенген және өңірлік деңгейде қатер төнген кезде ТЖ жоюдың республикалық штабының жұмысын қамтамасыз ету;
4. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару жөніндегі Үкімет қаулысын дайындау;
5. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару.

1. ЖАО ға ведомстволық бағынысты орман мекемелерінің аумағында табиғи өртті сөндіруге жалпы басшылықты қамтамасыз ету;
2. ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысын өткізу;
3. Жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жариялау және ТЖ жою басшысын тағайындау туралы өкімнің жобасын дайындау;
4. Аумақтық мемлекеттік органдардың өкілдерін қоса алғанда, ТЖ жою жөніндегі жедел штабтың жұмысын ұйымдастыру;
5. Қауырт желі жұмысын ұйымдастыру;
6. ТЖ жоюға азаматтық қорғаудың аумақтық құралымдарының күштері мен құралдарын тарту;
7. Эвакуацияланған халықты азық-түлікпен және бірінші кезектегі қажеттілікпен қамтамасыз ету;
8. Халықты, материалдық мәдени құндылықтарды эвакуациялауды жүргізу;
9. Гуманитарлық көмекті бөлу және қабылдау пункттерін ұйымдастыру;
10.Мемлекеттік материалдық резервтің және ТЖМ жедел резервінің материалдық құндылықтарын броньнан шығару үшін материалдар дайындау, ҚР Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы ұсыныс енгізу;
11. БАҚ-та ТЖ туралы уақтылы және дұрыс ақпаратты жариялау.

(ДСМ)
1. Медициналық топтарды қалыптастыру және ТЖ аймағына ұсынуды ұйымдастыру.
(ЖИЦДМ)
1. Эвакуацияланатын халық үшін мобильді ХҚКО жұмысын ұйымдастыру.
(КМ)
1. Авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін көлік құралдарымен және инженерлік техникамен қамтамасыз ету, қосалқы бөлшектердің, жанар-жағармай материалдарының резервін құру және қозғалыс маршруттарында көлік құралдарына техникалық қызмет көрсетуді (жөндеуді) ұйымдастыру.
(Қаржымині)
1. ҚР Үкіметінің қаулысы негізінде ҚР Үкіметінің резервтерінен ақша бөлу.
(ӘМ)
1. Қайтарымсыз шығындарға сот-медициналық сараптама жүргізуді қамтамасыз ету.
(СІМ)
1. Қажетті гуманитарлық және өзге де көмек көрсету туралы шет елдерге және халықаралық ұйымдарға сұрау салуды дайындау, басқа мемлекеттердің зардап шеккен (қаза тапқан) азаматтарының тізімін қалыптастыру;
2. Шет елдерден келген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аккредиттеуді және оларға техникалық көмек көрсету, жедел ақпарат пен баспасөз релизін қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
(АШМ)
1. Ауыл шаруашылығы жануарлары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қауіпсіз орындарға айдауды (әкетуді) ұйымдастыру және зардап шеккен жануарларды мәжбүрлеп союды ұйымдастыру және оларды көму.
(ІІМ)
ТЖ аймағын қоршау, азаматтарды уақытша орналастыру пункттерін және жылыту, тамақ өнімдері мен заттай мүлік пункттерін күзету; жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету, эвакуацияланған халықты орналастыру пункттеріне және ТЖ аймағына келетін күштер мен құралдарға сүйемелдеу;
(Қорғанысмині)
1. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ жою кезінде ҚР ҚК Қолдану жоспарына сәйкес ТЖ режимін қамтамасыз ету және оның салдарын жою үшін тағайындалған күштер мен құралдарды әзірлікке келтіру және бөлу;
2. ҰҚШҰ ДДО ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ ДДО) Дағдарыстық ден қою орталығына ТЖ режимін жариялау туралы ақпаратты жеткізу.
(МАМ)
1.Бұқаралық ақпарат құралдарында ТЖ жоюды жариялау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
(СИМ)
1. ТЖ кезеңінде сауда қызметін үйлестіру.
(Мемлекеттік органдар)
1. Өрт орнына жұмылдырылған қызметкерлердің аумақтық органдарының басшылары тартылады.

Өрттің іргелес мемлекеттің аумағына өту қатері кезінде

1. Табиғи өрттің іргелес мемлекеттің аумағына өтуін шектеу жөнінде барлық қажетті шараларды қабылдау;
2. Іргелес мемлекеттің уәкілетті органының сұрау салуы бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде табиғи өртті сөндіру бойынша жәрдем көрсету.

1. Табиғи өрттің іргелес мемлекеттің аумағына өтуін шектеу жөнінде барлық қажетті шараларды қабылдау;
2. Өрттің көшу қатері кезінде іргелес мемлекеттердің ТЖМ кезекші-диспетчерлік қызметтеріне хабар беру;
3. Іргелес мемлекеттің уәкілетті органының сұрау салуы бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде табиғи өртті сөндіру бойынша жәрдем көрсету;
4.Халықаралық инциденттердің алдын алу және бірлесіп сөндіруді үйлестіру үшін ҚР ҰҚК Шекара қызметіне табиғи өрттің мемлекеттік шекара арқылы көшу қатері туралы хабар беру.
5. Қорғанысмині Бас штабының ҰҚБО арқылы ақпаратты ҰҚШҰ ДДО және шекаралас мемлекеттердің Қарулы Күштері басқару пункттеріне жеткізу үшін Қорғанысминін хабардар ету.

1. Табиғи өрттің іргелес мемлекеттің аумағына өтуін шектеу жөнінде барлық қажетті шараларды қабылдау;
2. Іргелес мемлекеттің уәкілетті органының сұрау салуы бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде табиғи өртті сөндіру бойынша жәрдем көрсету.

(СІМ)
1. Іргелес мемлекеттерді, халықаралық ұйымдарды қалыптасқан ахуал туралы хабар беру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру.
(ҰҚК ШҚ)
1. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалған тәртіппен өртті сөндіруге қатысушылардың мемлекеттік шекараны кедергісіз кесіп өтуі бойынша шекара қызметтерінің өзара іс-қимылын ұйымдастыру.
(Қорғанысмині)
1. ҰҚШҰ ДДО Ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес ҰҚШҰ Дағдарыстық ден қою орталығы, сондай-ақ іргелес мемлекеттердің Қарулы Күштері басқару пункттеріне ақпарат жеткізу.

      Орман өртін оқшаулау және жою үшін қажетті күштер мен құралдардың санын есептеу төтенше жағдайға ден қою кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басқару және өзара іс-қимыл алгоритміне 1-қосымшаға келтірілген.

      Төтенше жағдайға ден қою кезіндегі іс-қимыл жоспары (табиғи өрт) осы төтенше жағдайға ден қою кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басқару және өзара іс-қимыл алгоритміне 2-қосымшаға келтірілген.

      Орман өрті туындаған кезде хабарлау схемасы осы төтенше жағдайға ден қою кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басқару және өзара іс-қимыл алгоритміне 3-қосымшада келтірілген.

      Орман өрті туындаған кездегі іс-қимыл тәртібі; төтенше жағдайға ден қою кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басқару және өзара іс-қимыл алгоритміне 4-қосымшада келтірілген.

      Ескертпе: мемлекеттік органдардың атауларын мәтін бойынша қысқарту (ПӘ – Президент Әкімшілігі; ҮА – Үкімет Аппараты; ҚК – Қауіпсіздік Кеңесі; ҰҚК ШҚ – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі; ҰҰ – Ұлттық ұлан; ЭТРМ – Экология және табиғи ресурстар министрлігі; ТЖМ – Төтенше жағдайлар министрлігі; ІІМ – Ішкі істер министрлігі; ДСМ – Денсаулық сақтау министрлігі; АШМ – Ауыл шаруашылығы министрлігі; СИМ – Сауда және интеграция министрлігі; КМ – Көлік министрлігі; СІМ – Сыртқы істер министрлігі; Қаржымині – Қаржы министрлігі; Қорғанысмині – Қорғаныс министрлігі; ЖАО – жергілікті атқарушы орган; ЖИЦДМ – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі; МАМ – Мәдениет және ақпарат министрлігі, РДҚ – Республикалық диспетчерлік қызмет; ҚҒС – "Қазақстан Ғарыш Сапары" АҚ, СЖЖБО-Төтенше жағдайлар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығы, ҰҚБО – Ұлттық қорғаныс басқармасы орталығы, ҰҚШҰ ДДО – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Дағдарыстық ден қою орталығы).

  Бірлескен бұйрығына
  2-қосымша
  Төтенше жағдайға ден қою
кезіндегі мемлекеттік органдар
  мен ұйымдарды басқару және
өзара іс-қимыл алгоритміне
3-қосымша

Орман өрті туындаған кезде құлақтандыру схемасы

     


  Бірлескен бұйрығына
3-қосымша
Төтенше жағдайға ден қою кезіндегі мемлекеттік органдар
мен ұйымдарды басқару және
өзара іс-қимыл алгоритміне
4-қосымша

Орман өрті туындаған жағдайдағы іс-қимыл тәртібі

     


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады