Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18 - бабына, 69 - бабының 4 - тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 - бабына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай ауданы әкімдігінің "Құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жеткізу газ тарату желісін салу үшін, Қостанай ауданы Надеждин ауылдық округінің аумағында орналасқан, ауданы 44,0000 гектар (И. Ф. Павлов атындағы ауыл, Надеждинка ауылы), 100,0000 гектар (И. Ф. Павлов атындағы ауыл), 200,0000 гектар (Надеждинка ауылы) жер учаскесінде қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберілуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | О. Нургалиев |
