Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Денисов ауданының Аршалы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Денисов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі 48 (қырық сегіз) жыл мерзімге, ауданы – 0,3448 гектар жер учаскесін "Қостанай облысы Денисов ауданының Аршалы ауылдарының тарату желілері мен құрылыстарын салу" объектісіне ВЛ-10кВ электірмен жабдықтау желісіне қызмет көрсету және пайдалану мақсатында қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Аршалы ауылдық округінің әкімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімнің ресми жариялағаннан кейін оның Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| А. Тюлешов |
