"Денисов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі ВЛ-10кВ электірмен жабдықтау желісіне қызмет көрсету және пайдалану мақсатында жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы Аршалы ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 2 маусымдағы № 5 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Денисов ауданының Аршалы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Денисов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі 48 (қырық сегіз) жыл мерзімге, ауданы – 0,0408 гектар жер учаскесін "Қостанай облысы Денисов ауданының Аршалы ауылдарының тарату желілері мен құрылыстарын салу" объектісіне ВЛ-10кВ электірмен жабдықтау желісіне қызмет көрсету және пайдалану мақсатында қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Аршалы ауылдық округінің әкімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімнің ресми жариялағаннан кейін оның Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      А.Тюлешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады