Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 69-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес өтініш пен жер учаскесінің схемасы негізінде Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Kazakhstan Westerfield Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Диев ауылдық округінің аумағында орналасқан, алаңы 664,7020 гектар (Тың кен орны), қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2032 жылғы 3 мамырға дейінгі мерзімге жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Әулиекөл ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынасатары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылғанынан кейін бес жұмыс күні ішінде оның көшірмелері Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберілсін;
2) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Ж. Таукенов |
