"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабына сәйкес, Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 12 қыркүйектегі № 147 "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысының, Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 225 "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 12 қыркүйектегі № 147 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысының күші жойылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Алтынсарин ауданының әкімі | А. Сартов |