Жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы Қашар кенті әкімінің 2026 жылғы 15 қаңтардағы № 3-ш шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 6-тармағына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Рудный қаласы, Қашар кенті мекенжайы бойынша орналасқан, жобаланатын № А10-1 жобалық тіректен № 51 УП10-1 тірекке дейінгі ӘЖ-10 кВ трассасын салу мақсатында ауданы 5,8923 гектар жер учаскесіне жария сервитут белгіленсін.

      2. "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның бірінші рет жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      М. Раймбекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады