Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Поликлиника № 2 города Рудный" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне "Қостанай облысы, Рудный қаласы, Восточная көшесі мекенжайы бойынша 150 келушіні қабылдайтын емхана салу" жобасына арналған мынадай жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:
Рудный қаласы, Восточная көшесі мекенжайы бойындағы электрмен жабдықтау желілерін төсеу және қызмет көрсету мақсатында көлемі 0,1957 га;
Рудный қаласы, Восточная көшесі мекенжайы бойындағы телефондандыру желілерін төсеу және қызмет көрсету мақсатында көлемі 0,0070 га;
Рудный қаласы, Восточная көшесі мекенжайы бойындағы су құбыры желілерін төсеу және қызмет көрсету мақсатында көлемі 0,0224 га;
Рудный қаласы, Восточная көшесі мекенжайы бойындағы кәріз желілерін төсеу және қызмет көрсету мақсатында көлемі 0,0100 га;
Рудный қаласы, Восточная көшесі мекенжайы бойындағы жылу желілерін төсеу және қызмет көрсету мақсатында көлемі 0,0013 га;
Рудный қаласы, Восточная көшесі мекенжайы бойындағы кірме жолдарды салу мақсатында көлемі 0,0198 га;
Рудный қаласы, Восточная көшесі мекенжайы бойындағы кірме жолдарды салу мақсатында көлемі 0,0194 га.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Рудный қаласы әкімінің міндетін атқарушы | Т. Сақтағанов |
