Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Аят" кәсіпқой клубы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне мынадай жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:
Рудный қаласы, Ленин көшесі, 56 құрылыс мекенжайы бойындағы кәріз желілерін төсеу және қызмет көрсету мақсатында көлемі 0,0060 га;
Рудный қаласы, Ленин көшесі, 56 құрылыс мекенжайы бойындағы су құбыры желілерін төсеу және қызмет көрсету мақсатында көлемі 0,0406 га;
Рудный қаласы, Ленин көшесі, 56 құрылыс мекенжайы бойындағы сумен жабдықтау желілерін төсеу және қызмет көрсету мақсатында көлемі 0,0529 га;
Рудный қаласы, Ленин көшесі, 56 құрылыс мекенжайы бойындағы электрмен жабдықтау желілерін төсеу және қызмет көрсету мақсатында көлемі 0,0711 га;
Рудный қаласы, Ленин көшесі, 56 құрылыс мекенжайы бойындағы электрмен жабдықтау желілерін төсеу және қызмет көрсету мақсатында көлемі 0,0827 га.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Рудный қаласының әкімі | В. Ионенко |
