Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 21 қаңтардағы № 33 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне "Қостанай облысы Рудный қаласындағы 1200 орындық жалпы білім беретін мектепке сыртқы инженерлік тораптарын салу" жобасына арналған мынадай жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:

      Рудный қаласы, Ленин көшесі, 2/4 құрылыс мекенжайы бойында сыртқы жылумен жабдықтау тораптарын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0265 га;

      Рудный қаласы, Ленин көшесі, 2/4 құрылыс мекенжайы бойында сыртқы сумен жабдықтау тораптарын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,1917 га;

      Рудный қаласы, Ленин көшесі, 2/4 құрылыс мекенжайы бойында сыртқы кәріз тораптарын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,1286 га;

      Рудный қаласы, Ленин көшесі, 2/4 құрылыс мекенжайы бойында сыртқы электрмен жабдықтау тораптарын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0923 га;

      Рудный қаласы, Ленин көшесі, 2/4 құрылыс мекенжайы бойында сыртқы электрмен жабдықтау тораптарын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,1561 га;

      Рудный қаласы, Ленин көшесі, 2/4 құрылыс мекенжайы бойында сыртқы телефон каналын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0632 га.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі В. Ионенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады