Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесін бекіту туралы" 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 759 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 15 маусымдағы № 1164 қаулысы

      Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 759 "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесін бекіту туралы" қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген қаулымен бекітілген "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің туралы Ережесіне:

      14 тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "2) қала әкімдігіне қаланың даму жоспарын және оны іске асыру жөніндегі инвестициялық жоспарды түзету жөнінде ұсыныстар енгізу;";

      14 тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "5) консалтингтік қызметтерді жүзеге асыру үшін отандық, шетелдік заңды мен жеке тұлғаларды жұмысқа тарту;";

      14 тармақтың үшінші бөлігінің 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "3) қаланы дамыту жоспарын әзірлеу, түзету және іске асыру мониторингі;";

      14 тармақтың үшінші бөлігінің 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "4) қаланы дамыту жоспарын іске асыру жөніндегі инвестициялық жоспарды әзірлеу және түзету;".

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгеріс туралы әділет органдарын хабардар етуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай қаласының әкімі М. Жүндібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады